User manual

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тағам кенет жібіп кетсе, мысалы,
электр қуатының ажырауына
байланысты, электр қуаты
"температураның көтерілу"
уақыты кестесінде көрсетілген
уақыттан ұзақ уақыт сөнсе,
жібітілген тағамды дереу
пайдалану керек немесе пісіріп,
содан кейін қайта мұздату керек
(пісіргеннен кейін).
Мұз текшелерін жасау
Бұл құрылғы мұз текшелерін жасауға
арналған бір немесе бірнеше науамен
жабдықталған.
Науаларды мұздатқыштан алу
үшін темір инструментті
қолданбаңыз.
1. Осы науаларды суға толтырыңыз
2. Мұз науаларын мұздатқыш бөлікке
қойыңыз.
Жібіту
Қатты мұздатылған немесе мұздатылған
тағамды пайдалану алдында уақыттың
мүмкіншілігіне қарай, мұздатқыш бөлікке
салып немесе бөлме температурасында
жібіту керек.
Кішкене тағамдарды мұздатқыштан алған
бетте тура пісіре беруге болады. бұндай
жағдайда пісіру ұзаққа созылады.
Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді
қалауыңызша орналастыруға арналған
бірнеше бағыттауыш бар.
Тоңазытқыштың есіктері
Дұрыс ашып-жабу үшін екі есікті де қатар
ашып-жабуды ұсынамыз (суретте
көрсетілгендей).
Ақыл-кеңес
Қалыпты жұмыс шуылы
Жұмыс істеп тұрған кезде келесі
дыбыстардың естілуі қалыпты жағдай:
Салқындатқыш сұйық жіберілген кезде
көпіршіктенген және сылдырлаған
дыбыс шығуы мүмкін.
Салқындатқыш сұйық жіберілген кезде
компрессордан діріл және сылдырдың
дыбысы естіледі.
Қызудың әсерінен пайда болатын
дилатацияға (табиғи және қауіпті емес
физикалық құбылыс) байланысты
құрылғының ішінде кенет пайда
болатын сырт-сырт еткен дыбыс.
Компрессор қосылғанда немесе
сөндірілгенде температураны
реттегіштен әлсіз дыбыс естілуі мүмкін.
8 www.zanussi.com