User manual
• Балалар мен жануарлар құрылғы ішіне
қамалып қалмас үшін есікті ағытып
алыңыз.
• Құрылғының салқындатқыш жүйесі мен
изоляция материалдарының озонға
зияны жоқ.
• Изоляция көбігінің құрамында тұтанғыш
газ бар. Құрылғыны қоқысқа дұрыс
тастауға қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Салқындатқыш жүйенің қызу
алмастырғышқа жақын орналасқан
жеріндегі бөлігіне зақым келтірмеңіз.
Жұмыс жүйесі
Мұздатқыштың басқару панелі
1 2 73 4 5 6 98
1. Сигнал шамы
2. ҚОСУ/СӨНДІРУ түймешігі
3. Температура тетігі (ең жылы)
4. Температура индикаторы
5. Температура тетігі (ең суық)
6. Ескерту шамы
7. Сигналды қайтару тетігі
8. QuickFreeze шамы
9. QuickFreeze тетігі
Іске қосу
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. ҚОСУ/ӨШІРУ түймешігін басыңыз.
Сигнал шамы жанады.
Сөндіру
Мұздатқыш ҚОСУ/ӨШІРУ түймешігін
Сигнал шамы мен Температура
индикаторы сөнгенше басқан кезде сөнеді.
Температураны реттеу
Температураны -15°C және -24°C
аралығында орнатуға болады.
Температура тетіктерін басқанда,
температура индикаторында ағымдық
орнатылған температура жыпылықтайды.
Орнатылған температураны тек индикатор
жыпылықтап тұрғанда ғана өзгертуге
болады. Жылырақ температураны орнату
үшін жылырақ Температура тетігін басу
керек. Суығырақ температураны орнату
үшін ең суық Температура тетігін басыңыз.
Температура индикаторы жаңадан
таңдалған температураны бірнеше секунд
көрсетіп тұрады да, содан кейін бөліктің
ішіндегі температураны қайта көрсетеді.
Жаңадан таңдалған температура 24 сағат
өткенде орнайды.
Температура тұрақтанған кезде,
бастапқы көрсетілген
температура орнатылған
параметрдің температурасынан
басқаша болады.
Температура индикаторы
Қалыпты жұмыс жасап тұрған кезде,
Температура индикаторы мұздатқыштың
ішіндегі температураны көрсетеді.
Көрсетілген температура мен
орнатылған температура
арасындағы айырмашылық
әсіресе мына жағдайда қалыпты
болып есептеледі:
• жаңа параметр жақында
таңдалса
• есік ұзақ уақыт ашық тұрса
• камераға жылы тағам
қойылса.
Жоғары температураны ескерту
Мұздатқыш ішіндегі температура шамадан
тыс (мысалы, тоқ сөніп қалғанда)
жоғарылап кетсе, Ескерту шамы
жыпылықтай бастайды да, сигнал естіледі.
www.zanussi.com 5










