Setup and user guide

4
ОПЦИЯЛАР МЕН ФУНКЦИЯЛАР
ОПЦИЯЛАРДЫ тиісті түймені басу арқылы тікелей таңдауға болады АСҚАРУ ПАНЕЛІН қараңыз).
Егер опция таңдалған бағдарламаға сәйкес келмесе БАҒДАРЛАМАЛАР КЕСТЕСН қараңыз, тиісті ЖДШ 3 рет
тез жыпылықтайды да, дыбыстық белгі естіледі. Опция қосылмайды.
КЕШІКТІРУ
Бағдарламаны бастау уақытын 2, 4 немесе 8 сағатқа
кешіктіруге болады:
1. Қалаған бағдарламаны және басқа параметрлерді
таңдаған соң, КЕШІКТІРУ түймесін басыңыз.
Индикатор шамы жанады.
2. КЕШІКТІРУ түймесін қайталап басу арқылы қалаған
кешіктіру уақытын таңдаңыз. 2 сағат, 4 сағат және 8
сағат индикатор шамы кезекпен жанады. КЕШІКТІРУ
түймесі қайтадан басылған кезде, опция өшіріледі
және индикатор шамы өшеді.
3. Таңдау процесі аяқталған соң, БАСТАУ/ТОҚТАТУ
түймесі басылатын болса, кері есеп басталады.
Таңдалған кешіктіру мерзімінің индикатор шамы
қосылады және Бастау/Тоқтату түймесі жанады
(сәйкестендірілген шам).
4. Бұл аяқталған соң, КЕШІКТІРУ индикатор шамы өшеді
және бағдарлама басталады.
КЕШІКТІРУ функциясын бағдарлама басталған соң
орнату мүмкін емес.
ТАБЛЕТКА (Таб)
Бұл параметр қолданылған тазалау құралының түріне
байланысты бағдарламаның өнімділігін оңтайландыруға
мүмкіндік береді.
ТАБЛЕТКА пішіміндегі (1 мөлшердегі шаю құралы, тұз
және тазалау құралы) біріктірілген тазалау құралдарын
қолданатын болсаңыз, ТАБЛЕТКА түймесін басыңыз
(индикатор шамы сәйкес белгі жанады).
Ұнтақты немесе сұйық тазалау құралын қолданатын
болсаңыз, бұл опция өшіріледі.
АҒЫЗУ
Белсенді айналымды тоқтату және өшіру үшін, АҒЫЗУ
функциясын пайдалануға болады.
БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесін ұзақ уақытқа басу АҒЫЗУ
фунциясын іске қосады. Белсенді бағдарлама тоқтатылады
және ыдыс жуғыш машинадағы су ағызылады.
ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ
Жуылатын ыдыстар көп болмаса, суды, электр
энергиясын және тазалау құралын үнемдеу үшін
жартылай жүктеу айналымын қолдануға болады.
Бағдарламаны таңдап, ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ түймесін
басыңыз: индикатор шамы жанады. Осы параметрді
өшіру үшін ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ түймесін басыңыз.
Тазалау құралының мөлшерін азайту қажеттігін
есте сақтаңыз..