Instruction for Use

KZ7
Дайындау аймақтарын өшіру
Бұл функция плитаның байқаусызда қосылып кетуіне жол бермес үшін басқару тақтасын құлыптайды. Басқару
тақтасының құлпын іске қосу үшін, плитаны іске қосып, Timer (Таймер) түймесін үш секунд басып тұрыңыз;
дыбысты сигнал шығады жəне аспалы құлып белгісінің қасында жарық индикатор іске қосылады. Өшіру
функциясынан басқа басқару тақтасындағы барлық басқару элементтері құлыпталады. Басқару тақтасының
құлпын
ажырату үшін, оны іске қосқан кездегі əрекетті қайталаңыз. Жарық нүкте жоғалып, плита қайта іске
қосылады.
Кастрөлдерден немесе кез келген нəрседен төмендегі белгінің астындағы түймеге шашыраған судың немесе
сұйықтықтың болуы басқару тақтасының құлпын іске қосуы не ажыратуы мүмкін.
Таймер
Таймер пісіру уақытын ең көбі 99 минутқа (1 сағат жəне 39 минут) барлық пісіру аймақтары үшін
орнату мақсатында пайдалануға болады.
Таймермен пайдаланылуы керек пісіру аймағын таңдап, таймерді басыңыз (суретті қараңыз), сол
кезде дыбысты сигнал шығады. Дисплейде “00” белгісі көрінеді жəне жарық диодты индикатор
жанады. Таймер мəнін сырғытпа функциясының “+” жəне “-” түймелерін басу арқылы азайтуға не
көбейтуге болады. Орнатылған уақыт өткен кезде, дыбысты сигнал шығады жəне пісіру аймағы
автоматты түрде іске қосылады. Таймерді ажырату
үшін, Timer (Таймер) түймесін кемінде 3 секунд
басып тұрыңыз.
Таймерді басқа аймаққа орнату үшін, жоғарыдағы қадамдарды қайталаңыз. Таймер дисплейі таңдалған
аймақ үшін таймерді көрсетеді немесе ең қысқа таймерді көрсетеді.
Таймер уақытын өзгерту не оны өшіру үшін, пісіру аймағын таңдау түймесін істеп тұрған таймер үшін
басыңыз.
Басқару тақтасындағы ескертулер.
Қалған қызу индикаторы.
Плитада əрбір пісіру аймағына арналған қалдық қызу индикаторы бар. Бұл индикаторлар пісіру
аймақтары əлі де ыстық болған кезде пайдаланушыға ескерту жасайды.
Егер дисплейде белгісі көрінсе, пісіру аймағы əлі де ыстық болады. Егер белгілі бір аймақтың қалдық
қызу индикаторы жанса, сол аймақты, мысалы, тамақты жылы күйде сақтау немесе сары майды еріту үшін
пайдалануға болады.
Пісіру аймағы салқындаған кезде, дисплей өшеді.
Жарамсыз кастрөл немесе кастрөлдің болмауын көрсету индикаторы.
Егер жарамсыз кастрөлді пайдалансаңыз немесе кастрөлді дұрыс орналастырмасаңыз немесе
оның өлшемдері индукция плитасына сəйкес болмаса, “no pot” (кастрөл жоқ) хабары дисплейде
көрінеді (бүйірдегі суретті көріңіз). Егер 60 секунд ішінде ешбір кастрөл табылмаса, плита өшеді.
Тез қайнату функциясы (тездеткіш)
Тек кейбір пісіру аймақтарында ғана бар бұл функция плитаның ең жоғарғы қуатын пайдалануды мүмкін
етеді (мысалы, ыдыстағы суды тез қайнату үшін). Бұл функцияны іске қосу үшін, “+” түймесін “P” жазуы
дисплейде көрінгенше басыңыз. Тездету функциясын пайдаланған соң 10 минуттен кейін құрылғы сол
аймақты автоматты түрде 9-деңгейге орнатады.
“ECO-logic” функциясы (қажет болған кезде қол жұмыс істейді)
“ECO-logic” функциясының арқасында пайдаланушы плитаның ең жоғарғы қуатын қажет кезде орната
алады.
Бұл параметрді кез келген уақытта пайдалануға болады жəне ол келесі өзгеріске дейін сақталады.
Қажетті ең жоғарғы қуатты орнату арқылы плита əр түрлі пісіру аймақтарындағы қызудың таралуын əрқашан
реттеп отырады; сонымен қатар барлық аймақтарды бір уақытта басқара алу артықшылығы бар, бірақ
қуаттың шамадан асып кету қаупінен қорғалмаған.
4 ең жоғарғы қуат деңгейі қол жетімді жəне олар дисплейде көрсетіледі: 2,5 – 4,0 – 6,0 – 7,2 кВ (7,2 кВпісіру
бетінің ең жоғарғы қуаты болып есептеледі)
Сатып алу кезінде, плита ең жоғарғы қуат деңгейіне орнатылады