Instruction for Use

KZ6
Басқару тақтасының сипаттамасы
Басқару тақтасы
Плитаны ҚОСУ/ӨШІРУ
Плитаны іске қосу үшін, түймесін пісіру аймағының шамы жанғанша шамамен 2 секунд басып тұрыңыз.
Өшіру үшін, дисплей өшкенше сол түймені басып тұрыңыз. Барлық пісіру аймақтары өшеді
Егер плита қолданылған болса, “H” қалған қызу индикаторы пісіру аймақтары суығанша жанған күйде
қалады.
Егер іске қосылғаннан кейін 10 секунд ішінде ешбір функция таңдалмаса, плита автоматты түрде өшеді.
Іске қосу жəне пісіру аймақтарын реттеу
Плитаны іске қосқан соң, тиісті домалақ түймені басу арқылы қажетті пісіру аймағын іске қосып, кастрөлді сол
аймаққа қойыңыз. Сырғытпамен, егер мүмкін болса, минимум 0 жəне максимум 9 аралығындағы қажетті қуат
деңгейін таңдаңыз немесе бар болса “P” күшейткішімен тез қыздыруға болады.
Қуат деңгейін күшейту үшін сырғытпаның үстіне саусағыңызды қойып, солдан оңға қарай бірнеше рет
сырғытыңыз; қуатты азайту үшін, кері бағытқа қарай сырғытыңыз. Сонымен қатар, “+” жəне “-” жылдам
басқару түймелерін пайдалануға болады.
Пісіру аймақтарын ажырату
Пісіру аймағын өшіру үшін, тиісті түймені 3 секундтан астам басып тұрыңыз.
Пісіру аймағы өшеді, əлі де ыстық болса, аймақ дисплейінде “H” əрібі көрініп тұрады.
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
Басқару тақтасының құлыптауы
Тамақ пісіру аймақтарын басқару элементтері жəне қатысты дисплей
Қосулы/
Өшірулі
Multizone
Жылдам қол жеткізу
Сырғытпа
Multizone
ECO-logic (Экология)/
Timer (Таймер)/ Lock
function (Функцияны
құлыптау) түймесі
Қуат индикаторының дисплейі
Таңдалған пісіру аймағының
индикаторы
Пісіру аймағына орналастыру
Сырғытпа жұмысы
Қуат деңгейін көбейту
Қуат деңгейін азайту