Instruction for Use

KZ2
-8 жас жəне одан үлкен жастағы балалар жəне физикалық, сезімдік немесе
рухани мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз
тұлғалар құралды тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану
нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен
ойнамау қажет. Балаларға тазалау жəне техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын бақылаусыз орындауға рұқсат бермеңіз.
- Қолдану барысында не одан кейін құрылғының қыздыру элементтерін
ұстамаңыз. Барлық құрамдастары толығымен суығанша құралдың
маталарға немесе басқа жанатын материалдарға тиюіне мүмкіндік
бермеңіз.
- Құрал ішіне немесе жанына жанатын материалдарды қоймаңыз.
- Артық қыздырылған май жəне май өнімдері оңай жанады. Құрамында тоң
майы немесе сұйық майы көп тағам өнімдерін пісірген кезде сақ болыңыз.
- Бөлгіш тақта (берілмеген) құрылғының астындағы бөлікке орнатылуы
керек.
- Егер беткі бөлік шытынап кетсе, электр тогына түсу қаупінің алдын алу үшін
құрылғыны өшіріңіз (тек беті шыны құрылғыларға қатысты).
- Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару құралымен
пайдаланылуға арналмаған.
- Тоң немесе сұйық маймен тамақ пісірген кезде пешті қараусыз қалдыру
қауіпті болуы жəне өртке себеп болуы мүмкін. Отты ЕШҚАШАН сумен
өшіруге əрекеттенбеңіз, құрылғыны өшіріп, отты қақпақ немесе өрт сөндіру
жапқышы сияқты нəрсемен бүркеңіз.
Өрт қаупі бар: заттарды пісіру беттеріне қойып сақтамаңыз.
- Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
- Пышақтар, шанышқылар, қасықтар жəне қақпақтар сияқты металл
заттарды пеш бетіне қоюға болмайды, себебі олар қызып кетуі мүмкін.
- Қолданыстан кейін, құрылғыны басқару тетігімен өшіріңіз жəне табаны
анықтағыш функциясына сенбеңіз (тек индукциялық құрылғыларға
қатысты).
Орам материалдарын тастау
Орам материалы қайта өңделуге 100% жарамды жəне оның қайта өңдеу белгісі бар ( ). Орамның əр түрлі
бөліктерін қоршаған ортаға таралдырмай, жергілікті ережелерге сай қоқысқа тастау керек.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ