Instruction for Use
KZ9
•“Пайдалану нұсқаулары” бөлімінде берілген нұсқауларды оқыңыз жəне орындаңыз.
• Электр көзі өшпегенін тексеріңіз.
• Плитаны тазалаған соң мұқият кептіріңіз.
• Егер плита іске қосылған кезде дисплейде əріпті-санды кодтар көрінсе, төмендегі кестедегі нұсқауларды
оқыңыз.
• Егер плита қолданылған соң өшпесе, оны розеткадан суырыңыз.
Индукциялық пісіру беттері қалыпты пайдалану барысында əр түрлі шуылдар шығаруы жəне дірілдеуі
мүмкін, ол төменде көрсетілген материал түрі мен тамақты пісіру түріне байланысты болады:
• Шулы байланыс: дірілдеудің бұл түрі қойылған кастрөлдердің əр түрлі материалдардан жасалған
болуынан туындайды.
• Орташа-төмен қуатта шығатын сытырлаған дыбыс: бұл шуыл қажетті төмен-орташа қуатқа дейін
жету үшін шығады.
• Ырғақты сытырлау сияқты дыбыстар: бұл шуыл бірнеше пісіру аймағын жəне/немесе жоғарғы
тиімділік функциясын пайдаланып жатқанда шығады.
• Əлсіз ысылдау: бұл шуыл пайдаланылған ыдыс түріне жəне оның ішіндегі тамақ мөлшеріне
байланысты шығады.
• Фондық шуыл: бұл индукциялық пеш электрлік бөлшектерді салқындатуға арналған желдеткішпен
жабдықталған, осы себеппен пайдалану барысында жəне плитаны іске қосқан соң бірнеше секундтан
соң желдеткіш дыбысын естисіз. Іске қосылған пісіру аймағының қуатын көбейткенде/азайтқанда
желдеткіштің фондық шуыл деңгейі де азаяды/көбейеді.
Бұл жағдайлар қалыпты жəне индукциялық жүйенің дұрыс қызмет етуі үшін маңызды болып табылады, олар
ақаулықтың немесе зақымданудың белгісі емес.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ШЕШУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ҚАТЕ КОДЫ СИПАТТАМА ЫҚТИМАЛ СЕБЕПТЕРІ ҚАТЕНІ ЖОЮ
C81, C82
Басқару тақтасы
шамадан тыс жоғары
температураның
кесірінен өшеді
Электрлік бөліктердің ішкі
температурасы тым
жоғары
Плитаны қайта
пайдаланбас бұрын,
оны суытып алыңыз.
C83
Басқару тақтасы электр
жүйесіндегі мəселеге
байланысты плитаның
өшуіне себеп болған
қатенің кодын көрсетеді
Пісіру беті жоғарғы
кернеумен жұмыс істейді
Пісіру бетін əлі де
пайдалануға болады,
бірақ қызмет
орталығымен
хабарласыңыз
C85
Плита кастрөлге қуат
бере алмайды
Кастрөл индукциялық
пешке жарамайды
Басқа индукциялық
кастрөлді
пайдаланыңыз
F02 немесе F04 немесе C84
Байланыс кернеуі
дұрыс емес немесе
қуат беру көзінде
проблема бар
Сенсор құрылғы кернеуі
мен розетка кернеуінің
арасындағы
айырмашылықты
анықтайды
Плитаны розеткадан
ажыратыңыз жəне
электр байланысын
тексеріңіз
F01, F05, F06, F07, F10, F12,
F25, F33, F34, F36, F37, F46,
F47, F48, F49, F58, F61, F62,
F63, F72, F74, F77
Плитаны қуат көзінен ажыратыңыз.
Бірнеше секунд күтіп, қайта қосыңыз.
Егер проблема қайталана берсе, қызмет орталығымен хабарласып, қате
кодын айтыңыз
ПЛИТАДАН ШЫҒАТЫН ШУЫЛДАР









