Instruction for Use

KZ5
Ұяшықтар блогына жалғау
Электр көзіне жалғауға арналған қуат сымы құрылғымен бірге беріледі. Төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Сары/жасыл жерге қосу сымын ұяшық белгісіне жалғаңыз.
1. Бұранданы бұрап шешу арқылы ұяшық қақпағын (A) шешіп алып, қақпақты ұяшықтың ілмегіне (B) енгізіңіз.
2. Қуат сымын қысқышқа қосып, сымдарды ұяшық жанында орналасқан сымдар сызбасына сай ұяшықтар
блогына жалғаңыз.
3. Қуат сымын кабель қысқышымен бекітіңіз.
4. Қақпақты (C) жауып, бұған дейін шешілген бұранданы орнына бұрып бекітіңіз.
Желіге əрбір қосылған сайын, плита бірнеше секунд бойы тексеру əрекетін орындап отырады.
Құрылғының астыңғы жағы мен бөлгіш тақта арасындағы қашықтық суретте берілген өлшемдерге
сай болуы керек.
Өнім дұрыс жұмыс істесін десеңіз, пеш пен құрылғының жоғарғы жағындағы талап етілген минимум
аралықты (мин. 5 мм) кедергісіз қалдыруды ұмытпаңыз.
Егер асты мен үсті бар пеш орнатылса, пештің салқындату жүйесімен жабдықталғанына көз жеткізіңіз.
Плитаны ыдыс жуғыштың немесе кір машинаның үстіне орнатпаңыз, əйтпесе электр сымдарына бу
немесе ылғал тиіп, оларды зақымдауы мүмкін.
Плитаны алып тастау үшін, құрылғының астыңғы жағындағы периметр қысқыштарын көтеру үшін
бұрауышты (бірге берілмейді) пайдаланыңыз.
ЭЛЕКТР СЫМДАРЫН ЖАЛҒАУ
ЕСКЕРТУ
- Құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
- Орнатуды жəне электрге қосуды өнім жасаушысының нұсқаулары
мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сəйкес білікті техникалық
маман орындауы керек.
- Өнім жасаушысы жоғарыда көрсетілген процедуралар мен ескертулерді орындамау нəтижесінде
орын алатын адам немесе жануар жарақаты мен мүліктің зақымдалуы үшін жауапты болмайды.
- Қуат сымы плитаны орналасқан бетінен алуға мүмкіндік болатындай ұзын болуы керек.
- Құрылғының төменгі жағында орналасқан деректер тақтасында көрсетілген кернеу үй желісіндегі
кернеумен бірдей болуы керек.
CBA
Сұр түс
Көк түс
Қоңыр түс
Қара түс
Сары-жасыл түс
N1 N2L1 L2E N1 N2L1 L2E
N1 N2L1 L2E N1 N2L1 L2E
N