Instruction for Use
KZ2
- Қолдану барысында не одан кейін құрылғының қыздыру элементтерін
ұстамаңыз. Барлық құрамдастары толығымен суығанша құралдың
маталарға немесе басқа жанатын материалдарға тиюіне мүмкіндік
бермеңіз.
- Құрал ішіне немесе жанына жанатын материалдарды қоймаңыз.
- Артық қыздырылған май жəне май өнімдері оңай жанады. Құрамында тоң
майы немесе сұйық майы көп тағам өнімдерін пісірген кезде сақ болыңыз.
- Бөлгіш тақта (берілмеген) құрылғының астындағы бөлікке орнатылуы
керек.
- Егер беткі бөлік шытынап кетсе, электр тогына түсу қаупінің алдын алу үшін
құрылғыны өшіріңіз (тек беті шыны құрылғыларға қатысты).
- Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару құралымен
пайдаланылуға арналмаған.
- Тоң немесе сұйық маймен тамақ пісірген кезде пешті қараусыз қалдыру
қауіпті болуы жəне өртке себеп болуы мүмкін. Отты ЕШҚАШАН сумен
өшіруге əрекеттенбеңіз, құрылғыны өшіріп, отты қақпақ немесе өрт сөндіру
жапқышы сияқты нəрсемен бүркеңіз.
Өрт қаупі бар: заттарды пісіру беттеріне қойып сақтамаңыз.
- Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
- Пышақтар, шанышқылар, қасықтар жəне қақпақтар сияқты металл
заттарды пеш бетіне қоюға болмайды, себебі олар қызып кетуі мүмкін.
- Қолданыстан кейін, құрылғыны басқару тетігімен өшіріңіз жəне табаны
анықтағыш функциясына сенбеңіз (тек индукциялық құрылғыларға
қатысты).
Орам материалдарын тастау
Орам материалы қайта өңделуге 100% жарамды жəне оның қайта өңдеу белгісі бар ( ). Орамның əр түрлі
бөліктерін қоршаған ортаға таралдырмай, жергілікті ережелерге сай қоқысқа тастау керек.
Қоқысқа тастау
Бұл құрал электрлік жəне электрондық жабдықты қоқысқа тастау бойынша 2012/19/EC Еуропалық
директивасына (WEEE) сай белгіленген.
Құрылғының тиісті түрде қоқысқа тасталуын қамтамасыз ету арқылы, қоршаған орта мен адамдардың
денсаулығы үшін ықтимал жағымсыз салдардың алдын алуға көмектесе аласыз.
Құрылғыдағы немесе онымен берілген құжаттамадағы белгісі бұл құрылғының үй қоқыстарымен бірге
тасталмай, электрондық жəне электрлік құрылғыларды қоқысқа тастау ережесіне сай арнайы жинау орнына
өткізу керектігін көрсетеді.
Қуат үнемдеу бойынша кеңестер
Оңтайлы нəтижелер үшін, мынаны ұсынамыз:
• түпкі ені пісіру аймағына сай келетін табаларды жəне кастрөлдерді пайдаланыңыз.
• Тек түбі жалпақ кастрөлдер мен табаларды ғана пайдаланыңыз.
• Мүмкін болған кезде, тамақ пісіру барысында кастрөл қақпақтарын жауып қойыңыз.
• Қуат пен уақытты үнемдеу үшін қысыммен пісіру ыдысын пайдаланыңыз.
• Кастрөлді пеш плитасының үстінде қызылмен белгіленген пісіру аймағының ортасына қойыңыз.
- Бұл құрылғы 2006/95/EC “Төменгі қуат” директивасының
(73/23/EEC директивасының орнына жүретін) жəне 2004/108/EC “EMC” директивасының ережелеріне
сай жасақталған, жасалған жəне сатылған.
- Бұл құрылғы EN 60350-2 Еуропалық стандартына сəйкес, №66/2014 Еуропалық ереженің эко дизайн
талаптарына сəйкес.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
СƏЙКЕСТІЛІК БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯ









