Setup and user guide
2
АКСЕССУАРЛАР
Қосымша ақпарат алу үшін "Пайдалану және күтіп ұстау
нұсқаулығын" docs.hotpoint.eu веб-сайтынан жүктеп алыңыз
WWW
АЙНАЛМАЛЫ ТАБАҚ
Тұғырына орнатылған кезде
айналмалы табақ барлық
тамақ пісіру жолдарында
қолданыла алады.
Айналмалы табақ басқа
ыдыстар мен керек-жарақтар
үшін негіз ретінде әрқашан қолданылуы тиіс,
тік төртбұрышты нан пісіру науасын есепке
алмағанда.
АЙНАЛМАЛЫ ТАБАҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ
Тұғырды тек әйнек айналмалы
табақ үшін пайдаланыңыз.
Тұғырға басқа керек-жарақтарды
қоймаңыз.
ТІК ТӨРТБҰРЫШТЫ НАН ПІСІРУ НАУАСЫ
Нан пісіру науасын тек
конвекциялық пісіруді
қолдайтын функциялармен
бірге пайдаланыңыз; оны
ешқашан микротолқындармен
бірге пайдаланбаңыз. науаны
көлдеңен бағытта енгізіп, пісіру бөлімінің
торына орнатыңыз.
Ескеріңіз: Тік төртбұрышты нан пісіру науасын
пайдаланған кезде айналмалы табақты алудың
қажеті жоқ.
ТОР СӨРЕ
Ол тағамды грильге
жақынырақ орналастыру,
тағамыңызды қызарту
және ыстық ауаның
оңтайлы айналымын
қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді. Торлы сөрені айналмалы табаққа
орналастырып, оның басқа беттермен
жанаспайтынына көз жеткізіңіз.
БУ ПІСІРГІШ
Балық немесе көкөністер
сияқты тағамдарды бумен
пісіру үшін, оларды себетке
(2) салып, будың қажет
көлеміне алу үшін бу
пісіргішінің (3) түбіне ауыз
суын (100 мл) құйыңыз.
Паста, күріш немесе картоп
сияқты тағамдарды қайнату үшін, оны тікелей
бу пісіргішінің түбіне салып (себет қажет емес),
пісірілетін тағамның көлеміне сәйкес келетін
судың мөлшерін құйыңыз.
Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін бу
пісіргішін берілген қақпақпен (1) жабыңыз.
Бу пісіргішін әрқашан айналмалы әйнек
табағына орнатыңыз және сәйкес пісіру
функцияларымен немесе микротолқынды пеш
функцияларымен пайдаланыңыз.
ҚАҚПАҚ
Қақпақ тағамдарды пісіру
немесе микротолқынды пеште
жылыту барысында бетін
жабу үшін ыңғайлы.
Қақпақ шашырауларды
азайтып, тағамдардың
ылғалын сақтайды және екі пісіру деңгейлерін
жасау үшін де пайдаланыла алады.
Ол конвекциялық пісіру немесе гриль
функцияларының кез келгенімен бірге
пайдалану үшін жарамайды.
Керек-жарақтардың саны сатып алынған үлгіге байланысты өзгеруі мүмкін.
Басқа аксессуарларды Сатылымнан кейінгі қызмет ішінен бөлек сатып алуға болады.
3
2
1
Дүкеннен көптеген керек-жарақтарды
сатып алуға болады. Оларды сатып
алудың алдында микротолқынды
пеште пайдалануға жарамды және пеш
температураларына төзімді екеніне көз
жеткізіңіз.
Микротолқынды пеште дайындау
барысында тағамдар мен сусындарға
арналған металл контейнерлерді ешқашан
пайдалануға болмайды.
Тағамдар пен керек-жарақтардың пеш
қабырғаларымен жанаспайтынына әрқашан
көз жеткізіңіз.
Пешті іске қосу алдында әрқашан
бұрылмалы табақтың айнала алатынына
көз жеткізіңіз. Басқа керек-жарақтарды салу
немесе алу кезінде айналмалы табақтың
орнынан алынбауын қамтамасыз етіңіз.








