Setup and user guide
4
ҚҰРЫЛҒЫНЫ АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ
1. ТІЛДІ ТАҢДАУ
Құрылғыны алғаш рет қосқан кезде тіл мен
уақытты орнату қажет. Дисплейде “ENGLISH”
жазуы көрсетіледі: Қолжетімді тілдердің тізімін
айналдырып қарап шығыңыз және реттеу
тетігін бұраңыз да, қажеттісін таңдаңыз.
Таңдауды растау үшін түймесін басыңыз.
Ескеріңіз: Тілді кейінірек "Settings" мәзірінен
өзгертуге болады.
2. УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
Тіл таңдалғаннан кейін ағымдағы уақытты
орнату қажет: Дисплейде екі саннан тұратын
сағаттың мәні жыпылықтайды.
Дұрыс сағатты орнату үшін реттеу тетігін
бұраңыз және
түймесін басыңыз:
дисплейде минуттер жыпылықтайды.
Минуттарды орнату үшін реттеу тетігін бұраңыз
және растау үшін
түймесін басыңыз.
Ескеріңіз: Ұзақ қуат іркілістері орын алғанда
уақытты қайта орнату қажет болуы мүмкін.
CRISP DYNAMIC
Мұздатылған тағамдарды
жылдам ысытып, пісіру үшін және олардың
бетін қызартып, қытырлақ ету үшін. Осы
функцияны тек жинақпен бірге берілген
қуыру табағымен бірге ғана қолданыңыз.
Сұралған кезде тағамды аударыңыз.
САНАТ ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҒАМДАР САЛМАҒЫ
ҚУЫРҒАН КАРТОП
(пісірерден бұрын бір қабат
етіп жаймалап, бетіне тұз
себіңіз)
300 - 600 г
ПИЦЦА, ЖҰҚА ҚАБЫҚ 250 - 500 г
ПИЦЦА, ҚАЛЫҢ ҚАБАТ 300 - 800 г
ТАУЫҚТЫҢ ҚАНАТЫ,
ТАУЫҚТЫҢ КЕСЕК ЕТІ
(Табақты сәл майлаңыз)
300 - 600 г
БАЛЫҚ ТАЯҚШАЛАРЫ
(қуырма табаны қыздырып
алу керек)
200 - 600 г
Қажет керек-жарақтар: Қуыру табағы, қуыру
табағының тұтқасы
STEAM DYNAMIC
Көкөністер немесе балық
сияқты тағамдарды берілген бу пісіргішімен
буға пісіру. Бастапқы дайындау кезеңі бу
пісіргішінің түбіне құйылған суды қайнатып
автоматты түрде буды түзеді. Бұл кезеңнің
ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін. Бұдан кейін
пеш тамақты орнатылған уақытқа сай буға
пісіруді жалғастырады.
Шамамен көрсетілген пісіру уақыттары келесідей:
• ЖАС КӨКӨНІС (250-500 g): 4-6 минут;
• МҰЗДАТЫЛҒАН КӨКӨНІС (250-500 г): 5-7 минут;
• БАЛЫҚТЫҢ ҚОҢ ЕТІ (250-500 г): 4-6 минут.
Қажетті керек-жарақтар: Бу құралы
SETTI
SETTINGS (ПАРАМЕТРЛЕР)
Пеш параметрлерін (тіл, Үнемдеу
режимі, жарықтық, уақыт, естілетін дыбыс
белгілерінің деңгейі, сағат) өзгертуге
арналған.
Ескеріңіз: Үнемдеу режимі белсенді болғанда,
қуатты үнемдеу үшін дисплейдің жарықтығы
бірнеше секундтан кейін азайтылады. Дисплей
кез келген түймелер басылған кезде автоматты
түрде белсендіріледі.








