Instruction for Use
Table Of Contents
- МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
- Орнату
- Қоршаған ортаны қорғау
- ЭКО дизайн туралы мәлімдеме
- Ақаулықты түзету нұсқаулары
- Тұтынушыларға қызмет көрсету
- Cleaning
- Күтім көрсету
- Пешті пайдалану нұсқаулығы
- Функцияларды сипаттау кестесі
- Artisan бу функциясымен пісіру кестесі
- Пісіру кестесі
- Сынақтан өткізілген рецептілер кестесі
- Ұсынылатын пайдалану жолы және ақыл-кеңес

32
Функцияларды сипаттау кестесі
ДӘСТҮРЛІ ФУНКЦИЯЛАР
CONVENTIONAL
(СТАНДАРТТЫ)
Кез келген тамақ түрін тек бір текшеде пісіруге арналған. 3-ші сөрені
пайдаланыңыз. Пицца, қышқыл пирогтарды және сұйық толтырмалары бар
тәттілерді пісіру үшін, 1-ші немесе 2-ші текшені пайдаланыңыз.
GRILL (ГРИЛЬ)
СТейк, кәуап және шұжықты қуыру үшін; ұнға аунатылған көкөністерді
дайындау және нанды қытырлату үшін. Тағамды 4-ші немесе 5-ші сөреге
қойыңыз. Етті отқа қақтаған кезде, тамақтан ағатын сұйықты жинау үшін
пісіру науасын пайдаланыңыз.
Оны 3-ші/4-ші сөреге қойып, шамамен жарты литр су құйыңыз. Пешті алдын
ала қыздырудың қажеті жоқ. Пісіру барысында пеш есігі жабық болуы қажет.
TURBOGRILL
(ТУРБОГРИЛЬ)
Үлкен ет кесектерін (жіліктер, қуырылған сиыр еті, тауықтар) қуыруға
арналған. Тағамды ортаңғы сөрелерге қойыңыз. Тамақтан ағатын
сұйықтықты жинау үшін пісіру науасын пайдаланыңыз. Оны шамамен
жарты литр су құйылған күйінде 1 және 2-сөреге салыңыз. Пешті алдын ала
қыздырудың қажеті жоқ. Пісіру барысында пеш есігі жабық болуы қажет. Осы
функцияда, істікті пайдалануға болады (жинақпен бірге берілген жағдайда).
TWELI-GRILL (TWELI-
ГРИЛЬ)
Еттен, балық және көкөністен бір немесе екі сөре деңгейін пайдаланып
гриль жасауға арналған. Гриль жасалатын тағам қойылған грильді 5,
4 немесе 3-ші деңгейге қойыңыз (тағамның мөлшерін, қажетті қызарту
деңгейін ескеріп, тағамды грильге неғұрлым жақындатса, соғұрлым
қызаратынын есте ұстап, ең оңтайлы орынды таңдаңыз). Көп мөлшердегі
тағамнан гриль жасау үшін екі тор сөрені 5 және 3-ші деңгейлерге
орналастырыңыз. Үстіңгі сөредегі тағам қанағаттанарлық деңгейде қызарған
кезде, екі сөренің орындарын ауыстырып, пісіруді аяқтаңыз. Осылайша
екі сөредегі тағамды біркелкі қызартып, бір температурада тұрған кезінде
бір уақытта үстелге тартуға болады. Тамақтан ағатын сұйықтықты жинау
үшін пісіру науасын пайдаланыңыз. Оны шамамен жарты литр су құйылған
күйінде 1 және 2-сөреге салыңыз.
Пешті алдын ала қыздырудың қажеті жоқ.
FORCED AIR
(КҮШЕЙТІЛГЕН АУА)
Бір пісіру температурасын қажет ететін әр түрлі тағамдарды бірнеше
сөреде бір уақытта (мыс: балық, көкөністер, торттар) пісіруге арналған. Бұл
функцияны әр түрлі тағамдардың иістерін бір-біріне сіңірмей пісіру үшін
пайдалануға болады. Тек бір сөреде ғана пісіру үшін 3-ші сөрені, екі сөреде
пісіру үшін 1 және 4-ші сөрені, үш сөреде пісіру үшін 1, 3 және 5-ші сөрелерді
пайдаланыңыз.
AUTOMATIC
CLEANING
(АВТОМАТТЫ
ТАЗАЛАУ)
Тағам пісіру барысында шашыраған тағам қалдықтарын өте жоғары
температурада (шамамен 500°) күйдіруге арналған. Екі авто тазалау циклі
қолжетімді: толық цикл (ПИРО) және қысқа цикл (ЭКСПРЕСС). Толық
циклды пеш өте қатты ластанған жағдайда ғана қолданыңыз, қысқа циклды
жиірек қолдануға болады.
CONVECTION BAKE
(КОНВЕКЦИЯЛЫҚ
ПЕШ)
Етті, толтырылған бәліштерді (сыр бәліші, штрудель, жеміс бәліштері) және
мыжылған көкөністерді тек бір деңгейде пісіруге арналған. Бұл функцияда
тағамның кебір болып кетуіне жол бермеу үшін ара-тұра баппен желдету
циклы қосылады. 3-ші деңгейді пайдалану ұсынылады. Пеш пісіру алдында
алдын ала жылытылмауы керек.
SPECIALS (АРНАЙЫ
МҮМКІНДІКТЕР)
АРНАЙЫ ФУНКЦИЯЛАР тарауын қараңыз
SETTINGS
(ПАРАМЕТРЛЕР)
Дисплей параметрін орнату (тіл, уақыт, жарықтылық, дыбыстық сигналдың
деңгейі, қуат үнемдеу функциясы)
PROFESSIONAL
FUNCTIONS - Bakery
Pastry (КӘСІБИ
ФУНКЦИЯЛАР - Нан-
тоқаш Өнімдері)
Таңдалған тағам түріне, тамаша температураға сәйкес келетін арнайы
функциялар. Пеш бөлігі алдын ала жақсы қызып, автоматты түрде дайын
болады және әр рецептіге арналған цикл арқылы пісіру үдерісі оңтайлы
түрде басқарылады.
ARTISAN STEAM-
ASSISTED COOKING
FUNCTIONS (Artisan
Бумен пісіру
функциялары)
ARTISAN БУЛАП ПІСІРУ ФУНКЦИЯЛАРЫ тарауын қараңыз.










