Instruction for Use
Table Of Contents
- МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
- Орнату
- Қоршаған ортаны қорғау
- ЭКО дизайн туралы мәлімдеме
- Ақаулықты түзету нұсқаулары
- Тұтынушыларға қызмет көрсету
- Cleaning
- Күтім көрсету
- Пешті пайдалану нұсқаулығы
- Функцияларды сипаттау кестесі
- Artisan бу функциясымен пісіру кестесі
- Пісіру кестесі
- Сынақтан өткізілген рецептілер кестесі
- Ұсынылатын пайдалану жолы және ақыл-кеңес

29
Пешті пайдалану нұсқаулығы
ПАРАМЕТРЛЕР
1. Дисплейдің кейбір параметрлерін өзгерту үшін "Functions" (Функциялар) тетігін бұрап,
негізгі мәзірден "SETTINGS" қойындысын таңдаңыз.
2.
басу арқылы растаңыз: дисплейде өзгертуге болатын параметрлер көрінеді
(тіл, дыбыстық сигналдың деңгейі, дисплейдің жарықтылығы, уақыт, қуатты үнемдеу
функциясы, қуат).
3. Параметрді "Шарлау" тетігін бұрап өзгерту керек.
4.
түймешігін басып растаңыз.
5. Параметрлерді өзгерту үшін дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
6.
түймешігін басыңыз; дисплейде таңдауыңызды растайтын хабарлама көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Пеш сөніп тұрғанда ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУ функциясы (ҚОСУ) қалпында тұрса,
бірнеше минуттан кейін дисплей сөнеді де, сағат көрінеді. Дисплейдегі ақпаратты қарау
үшін пешті қайта қосыңыз және шамды қайта жағыңыз, ол үшін түймешіктердің кез келгенін
басыңыз немесе тетіктердің кез келген біреуін бұраңыз. Тағам пісіру кезінде ҚУАТТЫ
ҮНЕМДЕУ функциясы қосылса, пештің ішкі жарықтама шамы пісіруді бастағаннан кейін 1
минуттан кейін сөнеді және пайдаланушы әрекет еткен сайын қайта қосылады. Немесе
функция таңдалмаса (СӨНДІРУ), бірнеше минуттан кейін дисплей күңгірт тартады.
КІЛТ БЕКІТПЕСІ
Бұл функцияны басқару панелінің түймешіктерін бұғаттау үшін пайдалануға болады.
Оны белсендіру үшін
және түймешіктерін бір уақытта кем дегенде 3 секунд бойы
басып ұстап тұрыңыз.
Белсендірілген жағдайда түймешіктердің функциялары бұғатталады және дисплейде
хабарламасы мен
белгісі пайда болады.
Бұл функцияны тағам пісіру барысында қосуға да болады.
Сөндіру үшін жоғарыдағы әрекетті қайталаңыз. Кілт бекітпесі функциясы қосулы тұрғанда
пешті тетікті 0 (нөл) қалпына бұрап ғана сөндіруге болады. Бұндай жағдайда, алдыңғы
таңдалған функцияны қайта орнату қажет болады.










