Instruction for Use
Table Of Contents
- МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
- Орнату
- Қоршаған ортаны қорғау
- ЭКО дизайн туралы мәлімдеме
- Ақаулықты түзету нұсқаулары
- Тұтынушыларға қызмет көрсету
- Cleaning
- Күтім көрсету
- Пешті пайдалану нұсқаулығы
- Функцияларды сипаттау кестесі
- Artisan бу функциясымен пісіру кестесі
- Пісіру кестесі
- Сынақтан өткізілген рецептілер кестесі
- Ұсынылатын пайдалану жолы және ақыл-кеңес

28
Пешті пайдалану нұсқаулығы
ЕТ СҮҢГІСІ
Жинақпен бірге берілген ет сүңгісі, тағамның керемет болып
пісуін қамтамасыз ету үшін тағамның ішкі температурасын
0° және 100°C градус аралығында нақты анықтауға
мүмкіндік береді. Пісіп жатқан тағамға қарай отырып,
қажетті ішкі температураны орнатуға болады. Дұрыс пісіру
нәтижелерін алу үшін үлгіні дұрыс орналастыру маңызды
болып табылады. Ет сүңгісін тағамның майлы және
сүйегі бар тұстарына тигізбей, қоңды жеріне толығымен
сұғыңыз (A-суреті). Ет сүңгісін құс еттерінің бүйір жақ
тұстарына, төсінің қақ ортасына, ет сүңгісінің ұшы бос
жерде қалмайтын етіп шаншу керек (B-суреті). Егер еттің
қалыңдығы әр түрлі болса, оны пештен алмас бұрын дұрыс
піскеніне көз жеткізіңіз. Сүңгінің ұшын пеш корпусының оң
жақ қабырғасында орналасқан тесікке сұғыңыз.
Сүңгіні келесі функциялармен пайдалануға болады:
• Conventional (Стандартты)
• Convection bake (Конвекциялық пеш)
• Pro Steam Meat (Етті бумен пісіру)
• Pro steam poultry (Құс етін бумен пісіру)
• Pro steam custom (Дәстүрлі бумен пісіру)
• Forced air
• Turbogrill (Турбогриль)
• Tweli-grill (Tweli-гриль) (бар болса)
• Slow Cooking Meat (Етті баяу пісіру) және Slow Cooking
Fish (Балықты баяу пісіру)
Егер ет сүңгісі сұғылмаса, тағам пісірудің дәстүрлі жолмен
(1-сурет) орнайды, әйтпесе, дисплейде ет сүңісінің
қосылмағаны туралы хабар пайда болады (2-сурет). Растау
хабары көрсетілгеннен кейін дисплейде барлық таңдалған
пісіру параметрлері көрінеді:
– жоғарғы сол жақта (1-аймақ) пештің температурасы;
– үстіңгі оң жақта (3-аймақ) тағамның қажетті ішкі
температурасы (ет сүңгісі, 3-суретте көрсетілгендей).
Пісіруді бастау үшін көрсеткіні “Start” қалпына
қойылатындай "Шарлау" тетігін бұрап, түймешігін
басыңыз.
Пісіру экранының астыңғы оң жағында (4-аймақ) тағамның
"current" ішкі температурасы көрінеді (4-сурет). Бастапқы
екі минутта (ет сүңгісі, 4-суретте көрсетілгендей) тағамның
қажетті температурасын өзгертуге болады. Екі минуттан
кейін бұл параметрдің орнына пісіру уақыты пайда
болады (5-сурет). Нақты тағамға қажетті ішкі температура
орнағаннан кейін соған қатысты хабар дисплейде 3
секунд көрінеді (6-сурет). Сонымен қатар, пеш "Шарлау"
тетігін + мәніне қарай бұрап, пісіру уақытын ұзарту
опциясын ұсынады. Егер ешбір түймешік басылмаса,
тамаша нәтижелерге қол жеткізу үшін пеш 6 минут пісіруді
жалғастырады. Егер пісіру уақыты ұзарса, ол экранның
үстіңгі оң жағынан көрінеді (3-алаң). Пісіріп болғаннан
кейін дисплейде тағамды "browning" (қолданылатын
функцияларда) болатыны туралы хабар көрінеді.
ЕСКЕРІМ:
1. Пісіруді бастағаннан кейін екі минут өткен кезде,
тағамның қажетті ішкі температурасын өзгерту үшін ет
сүңгісін ағытып, содан кейін қайта жалғау керек.
2. Егер ет сүңгісін функция таңдалмай тұрып салсаңыз,
тек алдын ала қыздыру циклы жоқ пісіру функцияларын
ғана таңдауға болады. Алдын ала қыздыруды қажет
ететін рецептілер үшін, алдын ала қыздырып болғаннан
кейін ғана тағамға ет сүңгісін салыңыз.
3. "Pro Roasting" функциясында барлық рецептілер үшін
алдын ала қыздыру циклы қажет. Сондай-ақ, алдын ала
қыздыру циклы аяқталмай тұрып, ет сүңгісін немесе
тағамды салмаңыз.
(1-сурет)
(2-сурет)
Temperature reached
150°C
TEMPERATURE
30:00
COOK TIME
100°C
CURRENT
Conventional
150°C
TEMPERATURE
00:10
COOK TIME
79 °C
CURRENT
Conventional
150°C
TEMPERATURE
100°C MEAT
PROBE
79 °C
CURRENT
Conventional
150°C
TEMPERATURE
100°C MEAT
PROBE
Meat probe has been
connected
Conventional
180°
TEMPERATURE
YES
PREHEAT.
--:--
COOK TIME
--:--
END TIME
(1-сурет)
(2-сурет)
(3-сурет)
(4-сурет)
(5-сурет)
(6-сурет)










