Instruction for Use

 
12
  /
1. Қосу/Өшіру
2. Бала қауіпсіздігі (пернені бекіту)
3. Пісіру аймағын таңдау түймесі (A-B)
4. Қуат күшін арттыру
5. Қуат күшін азайту
6. Таймер
7. Пісіру аймағының диплейі
8. Tаймер шамы (A-B)
Электронды сенсорлы басқаруды қосу үшін жəне ӨШІРУ күйінен күту күйіне ауысу үшін
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі қолданылады.
Ол үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін 1 секунд басыңыз. Қысқа дыбыс сигналы беріледі.
Күту күйінде тұрғанда, пісіру аймағының дисплейінен “0” таңбасы көрсетіледі.
Бұл дисплей жылу қалдығы немесе қателік белгісі себебінен артқы фонға жылжуы мүмкін.
Егер пісіру аймағы күту режимі (10 сек) кезінде қосылса, басқару қосқышы Қосу күйіне
ауысады.
Егер 10 сек ішінде ешқандай əрекет таңдалмаса, басқару қосқышы қысқа дыбыс белгісінен
кейін ӨШІРУ күйіне ауысады.
Электрондық тетіктерін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі арқылы ҚОСУ немесе күту күйінен кез келген
уқытта ӨШІРУ күйіне ауыстыруға болады Өшіру функциясының жұмыс кезінде
басымдылығы бар, бірнеше түйме бір мезгілде қосылғанда басқару түймесі өшеді.
  
Күту немесе қосылған күйінде, пісіру аймағын 3A немесе 3B пернелері (пісіру шеңберін
таңдау) арқылы қосуға болады.
Пісіру аймағын таңдаған соң, “+” түймесін қолданып, “0” жəне “1”, “2”, т.б. деңгейлерін
таңдауға болады, бірақ, “-” түймесін бассаңыз, жылу деңгейі “9” таңбасына барады.
Екі пісіру аймағы да қосылғанда, соңғысының пісіру дисплейінің түсі ашықтау екенін
байқайсыз (7).
  
a) Бір мезгілде пісіру аймағын таңдау түймесін (3A немесе 3B) жəне “-” түймесін басу.
б) Қажетті пісіру аймағының пісіру деңгейін “-” таңбасы арқылы “0” күйіне қою
Егер соңғы пісіру аймағы өшірілсе жəне басқа функциялар қосылмаса, басқару функциясы
ӨШІРУ күйіне 10 секундтан кейін ауысады.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басқанда барлық пісіру аймақтары бірден өшіріледі.
   
Пісіру жəне қуат деңгейлері диплейден 7-ші элемент арқылы көрсетіледі. Пісіру деңгейлерін
“1” жəне “9” аралығында 9 деңгейге бейімдеуге болады; оған қоса, Күшейту функциясы
қосылғанда, “P” əрпі көрсетіледі.
  
Пайдаланушыға пісіру шеңберінің температурасы əлі жоғары екенін ескертеді. Температура
математикалық үлгі бойынша анықталады жəне көрсетілген “H” жылу қалдығы 7-ші
элементтен көрсетіледі.
Жылу жəне суу есептеулері келесі нəрселерге негізделеді:
- Таңдалған қуат деңгейі (“0” - “9”);
- Пісіру аймағы өшірілгеннен кейінгі ауыстырып қосу уақыты.
Сəйкес дисплейден “H” əрпі математикалық үлгіге сай, аймақ температурасы ең төменгі
деңгейге түскенше (< 60 °C) көрсетіледі.
8.
8.8 8
3B 3A2 5 4 1
7
7
6
8B
8B