Instruction for Use

Келесілерді пайдаланбаңыз:
Құймалы металл табалар, тас, саз табалары жəне кастрөлдер.
Металл торы сияқты немесе кез келген басқа түрдегі қыздыру диффузорлары.
Бір ыдыс үшін екі конфорка (мыс., балық пісіруге арналған ыдыс).
Плитаға төгілген сұйықтықтар əйнектің зақымдалуын тудыруы мүмкін.
ПЛИТАНЫ ПАЙДАЛАНУ ƏДІСІ
ЕСКЕРТУ
Конфорка отының кастрөл шетіне шығуына жол бермеңіз.
МАҢЫЗДЫ: ПЛИТАНЫ ПАЙДАЛАНҒАН КЕЗДЕ ПЛИТА ТОЛЫҒЫМЕН ҚЫЗУЫ МҮМКІН.
Конфоркалардың бірін жағу үшін, сəйкес тұтқаны сағат тіліне қарсы максималды от параметріне дейін бұрыңыз.
Конфорканы жағу үшін, тұтқаны басқару панелінің қарсы жағына басыңыз.
Конфорка жанған соң құрылғының дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік беру үшін, тұтқаны шамамен 5-10 секундқа басып тұрыңыз.
Бұл конфорканың қауіпсіздік құрылғысы от кездейсоқ өшіп қалса (кенет жел соғу, газ жеткізудің үзілуі, сұйықтықтың қайнап тасып кетуі нəтижесінде),
газдың конфоркаға берілуін тоқтатады
Тұтқа 15 секундтан көп басылып тұруы қажет. Осы уақыт өткен соң конфорка жанбаса, қайта жағып көруден бұрын кемінде бір минут
күтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: жеткізілетін газдың ерекше жергілікті жағдайлары конфорканың жануына қиындық тудырса, тұтқаны кішкене от параметріне
бұрып, əрекетті қайталаған жөн.
Тұтқаны босатқан кезде конфорка шығуы мүмкін. Бұл - қауіпсіздік құрылғысы жеткілікті қызбағанын білдіреді. Мұндай жағдайда жоғарыда сипатталған
əрекеттерді қайталаңыз.
САҚТАЛУЫ ТИІС ӨЛШЕМДЕР ЖƏНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАР (мм)
ЕСКЕРТПЕ: қабырға шкафтары арасындағы «A» қашықтығы 600 мм
- 730 мм аралығында болса, «B» биіктігі кемінде 530 мм болуы тиіс.
Қабырға шкафтары арасындағы «A» қашықтығы плитаның үстіңгі
енінен үлкен болса, «B» биіктігі кемінде 400 мм болуы тиіс.
Плитаның үстіне қақпақты орнатқан жағдайда қақпақ нұсқаулығынан
дұрыс қашықтықты қараңыз.