Instruction for Use

370
Жерге тұйықтау ашасын дұрыс пайдаланбау электр тоғы соғу қатеріне əкелуі мүмкін.
Құрылғының жерге дұрыс тұйықталған-тұйықталмағаны туралы күмəніңіз болса, білікті
электршіге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Құрылғымен бірге
жеткізілген аша розеткаға дəл келмесе, оны өзгертпеңіз. Білікті электрші маманға дұрыс
желілік розетканы орнаттырып алыңыз.
Су құбырына жалғау
Суық су құюға арналған түтікті бұрамасы 3/4 (дюйм) ағытпаға
жалғап, оның орнына мықты қатайтып бұралғанын тексеріңіз. Су
құбырына қосу түтіктері жаңа болса немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған болса, судың əбден тазарғанына көзіңіз
жеткенше ағызып қойыңыз. Бұл сақтық шарасы су келетін
құбырдың бітеліп қалып, құрылғыны бүлдіруіне жол бермеу үшін
керек.
Пайдаланып болғаннан кейін гидрантты жабыңыз.
Құрылғыны орналастыру
Құрылғыны қалаған жерге орналастырыңыз. Құрылғының артқы жағын қабырғаға тақатып, екі
жағын жапсарлас жиһаздың немесе қабырғаның бойымен орнатыңыз. Ыдыс жуғыш машинаны
орнату оңай болуы үшін оның оң не сол жағына орналастыруға болатын су құятын жəне төгетін
түтіктермен жабдықталған.
Түтіктерде қалған суды қалай ағызу керек
Егер раковина еденнен 1000 мм биік орналасса, түтіктердегі артық суды раковинаға тура ағызу
мүмкін емес. Қалған суды раковинаның сыртында немесе одан төмен қойылған тегешке немесе
қолайлы ыдысқа ағызу керек.
Су ағатын құбыршек
Су төгетін түтікті жалғаңыз. Су ағып кетпес үшін төгетін түтікті дұрыс орнату керек.
Су ағатын түтіктің бұратылып не жаншылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Ұзартқыш түтік
Егер ұзартқыш төгу түтігі керек болса, дəл сондай төгу түтігін пайдаланыңыз.
Ол 4 метрден артық болуға тиіс; əйтпесе ыдыс жуғыш машинаның тазартатын қабілеті азаяды.
Сифонды жалғау
Су төгетін түтікті диаметрі кем дегенде 4 см ақаба су құбырына жалғаңыз немесе түтікті
майыстырмай, бүкпей раковинаға ағатын етіңіз. Түтіктің үстіңгі жағы 1 000 мм-ден аз болуы
керек.
Ыдыс жуғыш машинаны іске қосу
Ыдыс жуғыш машинаны іске қосардың алдында төмендегіні тексеру қажет.
1 Ыдыс жуғыш машинаның деңгейі дұрыс əрі орнықты болуы
2 Су құятын түтік клапанының ашық екені
3 Су өтетін қосылымдардан су ағуы
4 Сымдардың мықтап жалғанғаны
5 Электр желісіне қосылғаны
6 Су құятын жəне төгетін түтіктердің бұратылып қалмағаны
7 Орам материалдары мен қағаздардың барлығын ыдыс жуғыш машинадан алу керек
Назар аударыңыз: Орнатып болғаннан кейін осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз. Осы
нұсқаулықта жазылған мəлімет пайдаланушылар үшін өте пайдалы.
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ: