Instruction for Use

368
Ыдыс жуғыш машинаны орнату қадамдары
1. Жиһаздың есігін ыдыс жуғыш машинаның сыртқы есігіне бірге жеткізілген қапсырма арқылы
орнатыңыз. Қапсырманы орнату үшін қосымша кітапшадағы суретті қараңыз.
2. Есік серіппелерінің тартылуы алты қырлы кілттің көмегімен реттеңіз, сағат тілінің бағытымен
бұрап, сол жəне оң жақ серіппелерді қатайтыңыз. Бұлай істемеген жағдайда ыдыс жуғыш
машинаға нұқсан келуі мүмкін (2-сурет).
3. Су құятын түтікті суық су жүйесіне жалғаңыз.
4. Су төгетін түтікті жалғаңыз. Суретті қараңыз. (6-сурет).
5. Қуат сымын жалғаңыз.
6. Бекіткіш таспаны корпустың жұмыс бетінің астына бекітіңіз. Бекіткіш таспаның ұшының жұмыс
бетінің шетіне дəл келетініне көз жеткізіңіз.
7. Ыдыс жуғыш машинаны орнына қойыңыз. (4-сурет)
8. Ыдыс жуғыш машинаның деңгейін реттеңіз. Артқы тіреулерін ыдыс жуғыш машинаның
алдыңғы жағынан, ыдыс жуғыш машинаның тұғырының ортасындағы алты қырлы бұранданы
алты қырлы кілтті пайдалану бұрау арқылы (5A-сурет) реттеуге болады. Алдыңғы тіреулерін
реттеу үшін жайпақ бұрағыштың көмегімен, ыдыс жуғыш машина орныққанша алдыңғы
тіреулерін бұраңыз (5B-сурет).
9. Ыдыс жуғыш машина орнында мығым тұруға тиіс. Оны мығым орнатудың екі тəсілі бар:
A. Қалыпты жұмыс беті: Орнатқыш ілмекті бүйір панельдің саңылауына сұғыңыз да, жұмыс
бетіне ағаш бұрандалардың көмегімен бекітіңіз (6-сурет).
B. Мəрмəрдан немесе граниттен жасалған жұмыс беті: Бүйірін бұрандамен бекітіңіз. (7-сурет).
Жиһаздың есігі
Бекіткіш таспа
7-сурет