Instruction for Use
Бағдарламаны өзгерту …
Үй-жай:
1. Орындалып жатқан циклды тек сəл уақыт жұмыс істегеннен кейін ғана өзгертуге болады.
Əйтпесе, жуғыш зат əлдеқашан құйылып, құрылғыдағы ыдыс жуылған су əлдеқашан
төгілген болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жуғыш зат диспенсеріне қайтадан жуғыш
заттан салу керек (“Жуғыш затты салу” атты тарауды қараңыз).
2. Машинаны тоқтату үшін есігін ашыңыз, Program (бағдарлама) түймесін 3 секундтан
астам басыңыз, машина күту режимінде тұрады, содан кейін бағдарламаны қалаған цикл
параметріне өзгертуге болады (“Жуу циклын бастау” атты тарауды қараңыз …”).
Ыдыс-аяқты салуды ұмытып кеттіңіз бе?
Ұмыт қалған ыдысты жуғыш заттың қақпағы ашылғанша кез келген сəтте қосуға болады.
1. Есікті сəл ғана ашыңыз.
2. Бүріккіш түтіктердің жұмысы тоқтағаннан кейін есікті толық ашуға болады.
3. Ұмытылған ыдыс-аяқты салыңыз.
4. Есікті жабыңыз.
5. Ыдыс жуғыш машина 10 секундтан кейін жұмыс істейді.
Жуу циклының соңында
Жуу циклы аяқталғаннан кейін ыдыс жуғыш машина 8 секунд ызылдаған дыбыс шығарады
да, тоқтайды. ON/OFF (қосу/өшіру) түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріңіз, су құбырын
жабыңыз да, ыдыс жуғыш машинаның есігін ашыңыз. Ыдыс-аяқ пен ас құралдары əлі
ыстық болып, сынып кетуге бейім тұрғанда оларды ұстамау үшін ыдыс жуғыш машинаны
босатпас бұрын бірнеше минут күте тұрыңыз. Жəне де олар жақсырақ кебеді.
• Ыдыс жуғыш машинаны өшіру
Тек бағдарлама шамы жанып, бірақ жыпылықтамай тұрған жағдайда ғана бағдарлама
аяқталады.
1. ON/OFF (қосу/өшіру) түймесін басу арқылы ыдыс жуғыш машинаны ажыратыңыз.
2. Су құятын шүмекті жабыңыз!
• Есікті абайлап ашыңыз.
Ыстық ыдыс-аяқ тиіп кетсе морт сынғыш келеді. Сондықтан ыдыс-аяқты құрылғыдан
алып шықпас бұрын шамамен 15 минуттай суытып алу керек. Машинаның есігін
ашыңыз, ыдыс-аяқты шығармас бұрын есікті жартылай ашқан күйі бірнеше минут күтіңіз.
Осылай еткенде ыдыс-аяқ салқындайды жəне жақсырақ кебеді.
• Ыдыс жуғыш машинаны босату
Ыдыс жуғыш машинаның ішінің су болуы қалыпты жағдай. Əуелі астыңғы себетті, содан
кейін үстіңгі себетті босатыңыз. Сонда үстіңгі себеттен астыңғы себеттегі ыдыс-аяққа су
тамып кетпейді.
Жуу кезінде есікті ашу өте қауіпті, өйткені ыстық суға күйіп қалуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
360










