Instruction for Use

KZ9
Орташа-төмен қуатта шығатын сытырлаған дыбыс: бұл шуыл қажетті төмен-орташа қуатқа дейін
жету үшін шығады.
Ырғақты сытырлау сияқты дыбыстар: бұл шуыл бірнеше пісіру аймағын жəне/немесе жоғарғы
тиімділік функциясын пайдаланып жатқанда шығады.
Əлсіз ысылдау: бұл шуыл пайдаланылған ыдыс түріне жəне оның ішіндегі тамақ мөлшеріне
байланысты шығады.
Фондық шуыл: бұл индукциялық пеш электрлік бөлшектерді салқындатуға арналған желдеткішпен
жабдықталған, осы себеппен пайдалану барысында жəне плитаны іске қосқан соң бірнеше секундтан
соң желдеткіш дыбысын естисіз. Іске қосылған пісіру аймағының қуатын көбейткенде/азайтқанда
желдеткіштің фондық шуыл деңгейі де азаяды/көбейеді.
Бұл жағдайлар қалыпты жəне индукциялық жүйенің дұрыс қызмет етуі үшін маңызды болып табылады, олар
ақаулықтың немесе зақымданудың белгісі емес.
Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласу алдында:
1. ПроблеманыАқаулықтарды жою нұсқаулығыкөмегімен шешіп көріңіз.
2. Құрылғыны өшіріп қосып, проблеманың кеткен-кетпегенін тексеріңіз.
Егер жоғарыда көрсетілген тексерулерден кейін мəселе əлі шешілмесе, ең жақын орналасқан сатудан
кейінгі қызметпен хабарласыңыз.
Əрқашан көрсетіңіз:
ақаулықтың қысқаша сипаттамасы;
өнім түрі мен дəл үлгісі;
құрылғының астында (металл тақташада) орналасқан қызметтік нөмір (теректер тақтасындағы Service
(Қызмет) сөзінен кейінгі нөмір).
толық мекенжайыңыз;
телефон нөміріңіз.
Егер кез келген жөндеу жұмыстарын орындау қажет болса, өкілетті сатудан кейінгі қызмет көрсету
орталығымен хабарласыңыз (түпнұсқалы қосалқы бөлшектер мен тиісті жөндеу жұмыстарын қамтамасыз
ету үшін). Қосалқы бөлшектер 10 жыл бойы қолжетімді.
САТУДАН КЕЙІНГІ ҚЫЗМЕТ