Instruction for Use

KZ7
Егер жарамсыз кастрөлді пайдалансаңыз немесе кастрөлді дұрыс орналастырмасаңыз немесе
оның өлшемдері индукция плитасына сəйкес болмаса, “no pot” (кастрөл жоқ) хабары дисплейде
көрінеді (бүйірдегі суретті көріңіз). Бұл жағдайларда кастрөлді плита үстіндегі пісіру аймағы
табылғанша дұрыстап қою ұсынылады. Егер 60 секунд ішінде ешбір кастрөл табылмаса, плита өшеді.
Жылдам қайнату функциясы (қажет болған кезде Booster (Тез қыздыру) функциясын
пайдаланыңыз)
Тек кейбір пісіру аймақтарында ғана бар бұл функция плитаның ең жоғарғы қуатын пайдалануды мүмкін
етеді (мысалы, ыдыстағы суды тез қайнату үшін).
Бұл функцияны іске қосу үшін, “+” түймесін “P” жазуы дисплейде көрінгенше басыңыз. Тездету функциясын
пайдаланған соң 5 минуттен кейін құрылғы сол аймақты автоматты түрде 9-деңгейге орнатады.
BRIDGE/CONNEXTION АЙМАҒЫ
Бұл балық, етке арналған үлкен кастрөл сияқты бір пісіру аймағының əлі келмейтін үлкен кастрөлдерді
пайдаланған кезде пайдаланылады.
BRIDGE/CONNEXTION АЙМАҒЫ функциясын іске қосу үшін, + жəне - түймелерін бір уақытта төмендегі
суретте көрсетілгендей етіп бір уақытта басыңыз.
“Power management” (Қуатты басқару) (кейбір үлгілерде қол жетімді)
“Power management” (Қуатты басқару) функциясының арқасында пайдаланушы плитаның ең жоғарғы қуатын
қажет кезде орната алады.
Бұл параметрді кез келген уақытта пайдалануға болады жəне ол келесі өзгеріске дейін сақталады.
Қажетті ең жоғарғы қуатты орнату арқылы плита əр түрлі пісіру аймақтарындағы қызудың таралуын əрқашан
реттеп отырады; сонымен қатар барлық аймақтарды бір уақытта басқара алу артықшылығы бар, бірақ
қуаттың шамадан асып кету қаупінен қорғалмаған.
4 ең жоғарғы қуат деңгейі қол жетімді жəне олар дисплейде көрсетіледі: 2,5 – 4,0 – 6,0 – 7,2 кВ (7,2 кВпісіру
бетінің ең жоғарғы қуаты болып есептеледі)
Сатып алу кезінде, плита ең жоғарғы қуат деңгейіне орнатылады
Құрылғыны электр розеткасына енгізген соң, алғашқы 60 секунд ішінде қажетті қуат деңгейін мына
нəрселерді іске қосу арқылы орнатуға болады:
Қуатты орнату барысында қате орын алса, белгісі ортада пайда болып, дыбысты сигнал шамамен 5
секунд бойы шығады. Мұндай жағдайда конфигурация процедурасын басынан бастап қайталаңыз. Егер бұл
қате қайталанса, қызмет орталығымен хабарласыңыз.
Қалыпты пайдалану барысында пайдаланушы ең жоғарғы қол жетімді қуат деңгейін көбейтуге ол деңгейге
жетіп қойған кезде əрекеттенсе, қолданылып жатқан аймақ деңгейі екі рет жыпылықтап, дыбысты сигнал
шығады.
Сол аймақты көбірек қыздыру үшін, бұған дейін қызып тұрған бір немесе бірнеше пісіру аймағының қуат
деңгейін қолдап азайту қажет.
Қадам Басқару тақтасы Дисплей
1 Шамамен 3 секунд
бойы екі қуатты
басқару түймесін де
басып тұрыңыз (1-
қадам)
2 Power Management
(Қуатты басқару)
түймесін (2-қадам)
алдыңғы қадамды
растау үшін басыңыз
Дисплейде көрсетіледі
3 Қол жетімді əр түрлі
опциялар арасында
таңдалған деңгейді
орнату үшін басыңыз
Шам жеке пісіру аймақтарына
арналған қолданыстағы шамдармен
бірге жанады
4 Power Management
(Қуатты басқару)
түймесін (4-қадам)
алдыңғы қадамды
растау үшін басыңыз
Дисплейде шамамен 2 секунд
жыпылықтайтын орнатылған
деңгейді көрсетеді; плита дыбысты
сигнал шығарады да, өзінен-өзі
өшеді; сөйтіп ол дайын болады