Instruction for Use
KZ4
Өнімді орамынан шығарған соң, оның тасымалдау барысында зақымданбағанына көз жеткізіңіз.
Проблемалар болған жағдайда, сатушымен немесе қызмет орталығымен хабарласыңыз.
Кірістірілген өлшемдер жəне орнату нұсқауын 2-беттегі суреттерді көріңіз.
ШКАФТЫ БЕКІТУ ҮШІН ДАЙЫНДАУ
1. Бұранданы бұрау арқылы ұяшық қақпағын ашып (A), қақпақты ұяшықтың (B) ілмегіне енгізіңіз.
2. Қуат сымын қысқышқа жалғап, сымдарды ұяшықтар блогына ұяшық қасында орналасқан сызбаға сай
жалғаңыз.
3. Сым кабелін кабель қыстырғышқа бекітіңіз.
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ
- Бөлгіш тақтаны пеш
плитасының астына
орнатыңыз.
- Өнімнің төменгі
бөлігіне орнатудан
кейін қол жетпейтіндей
болуы керек.
- Егер асты мен үсті бар
пеш орнатылса,
бөлгішті орнатпаңыз.
• Құрылғының астыңғы жағы мен бөлгіш тақта арасындағы қашықтық суретте берілген өлшемдерге сай
болуы керек.
• Өнім дұрыс жұмыс істесін десеңіз, пеш пен құрылғының жоғарғы жағындағы талап етілген минимум
аралықты (мин. 5 мм) кедергісіз қалдыруды ұмытпаңыз.
• Егер асты мен үсті бар пеш орнатылса, пештің салқындату жүйесімен жабдықталғанына көз жеткізіңіз.
• Плитаны ыдыс жуғыштың немесе кір машинаның үстіне орнатпаңыз, əйтпесе электр сымдарына бу немесе
ылғал тиіп, оларды зақымдауы мүмкін.
• Беткі бөлікпен бірдей етіп орнатылған жағдайда, бұрандалар жинағын сұрау үшін қызмет орталығымен
хабарласыңыз (4801 211 00112).
• Плитаны алып тастау үшін, құрылғының астыңғы жағындағы периметр қысқыштарын көтеру үшін
бұрауышты (бірге берілмейді) пайдаланыңыз.
ЭЛЕКТР СЫМДАРЫН ЖАЛҒАУ
ЕСКЕРТУ
- Құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
- Орнатуды жəне электрге қосуды өнім жасаушысының нұсқаулары
мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сəйкес білікті техникалық
маман орындауы керек.
- Өнім жасаушысы жоғарыда көрсетілген процедуралар мен ескертулерді орындамау нəтижесінде орын алатын адам
немесе жануар жарақаты мен мүліктің зақымдалуы үшін жауапты болмайды.
- Қуат сымы плитаны орналасқан бетінен алуға мүмкіндік болатындай ұзын болуы керек.
- Құрылғының төменгі жағында орналасқан деректер тақтасында көрсетілген кернеу үй желісіндегі кернеумен бірдей
болуы керек.
6-7 cm
min. 20 mm
min. 5 mm
57
75
80
көк/сұр
қара/қоңыр
сары/жасыл









