User Instructions

Table Of Contents
363
ENSKTRHUSRHRCSLVLTROELBGETAZKK
0478 111 9841 B - KK
18.1 REACH
REACH химиялық заттарды тіркеу,
бағалау жəне өкілдендіру туралы ЕС
реттеуін білдіреді.
1907/2006 нөмірлі REACH Регламентін
(EC) орындау туралы ақпарат
www.stihl.com/reach сайтында берілген.
Ақаулық:
Іштен жанатын қозғалтқыш тұтанбайды
Ықтимал себебі:
Қозғалтқышты тоқтату тұтқасы іске
қосылмаған.
Бакта жанармай жоқ; жанармай
құбырлары бітеліп қалған.
Бактағы жанармай нашар, лас
немесе ескі.
Ауа сүзгісі ластанған.
От алдыру білтесі сымының штекері
от алдыру білтесінен суырылған; от
алдыру шоғырсымы штекермен
нашар байланысқан.
От алдыру білтесі тоттанған немесе
бұзылған; электродтардың
арасындағы саңылау дұрыс
орнатылмаған.
Ақаулықты жою əдісі:
Қозғалтқышты тоқтату тұтқасын бас
тұтқаға қарай басып тұрыңыз.(Ö 9.2)
Жанармайды тағы құйыңыз;
жанармай құбырын тазартыңыз. #
Тек таза əрі таңбалы жанармайды,
этилденбеген бензинді қолданыңыз;
карбюраторды тазартыңыз. #
Ауа сүзгісін тазалаңыз. #
От алдыру білтесі сымының штекерін
салыңыз; от алдыру шоғырсымы
жəне штекердің арасындағы
байланысты тексеріңіз. #
От алдыру білтесін тазалаңыз
немесе ауыстырыңыз;
электродтардың арасындағы
саңылауды дұрыс орнатыңыз. #
Ақаулықтар:
Жұмыс басталуы қиындаған немесе
мотордың қызметі баяулаған.
Оған себеп болуы мүмкін жағдайлар:
Көгалды қырыққыш бітеліп қалған.
Көгалды тым баяу деңгейде қырқу
немесе берілу жылдамдығы қырқу
деңгейімен салыстырғанда тым
жоғары.
Жанармай багы мен карбюраторда
су бар; карбюратор бітеліп қалған.
Жанармай багы толып ластанған.
Ауа сүзгісі толып ластанған.
Оталдырғыш білтені күйе басып
кеткен.
Aқауды жою жолдары:
Көгалды қырыққышты тазалау
(оталдырғыш құралды шығарып
алу!) (Ö 12.3)
Қырқу деңгейін жоғарыға қою немесе
қозғалту жылдамдығын
азайту.(Ö 8.4)
Жанармай багын босату, жанармай
жолы мен карбюраторды тазалау. #
Жанармай багын тазалау. #
Ауа сүзгісін тазалау. #
Оталдырғыш білтені тазалау. #
Ақаулықтар:
Қозғалтқыш өте қатты қызады.
Ықтимал себебі:
Қозғалтқыштағы майдың деңгейі өте
төмен.
Суытқыш қабырғалар ластанған.
Ақаулықтарды жою тəсілі:
Мотор майын ауыстыру
қажет.(Ö 7.6)
Суытқыш қабырғаларды тазалау
керек.(Ö 12.3)
Ақаулықтар:
Жұмыс кезіндегі қатты діріл.
Ықтимал себебі:
Шапқыш бөлігі бүлінген.
Ені 50 см
Биіктігі 113 см
Салмағы 28 кг
Шуыл шығарылуы
2000/14/EC директивасына сəйкес:
Кепілді Дыбыстық
қуат деңгейі L
WAd
96 dB(A)
2006/42/EC директивасына сəйкес:
Жұмыс орнындағы
Дыбыстық кысым
деңгейі L
pA
83 dB(A)
Ауытқу K
pA
2 dB(A)
Қол дірілі
EN 12096 бойынша белгіленген діріл
коэффициенті:
Өлшенген мəн a
hw
3,00 м/сек²
Ықтимал дəлсіздік
K
hw
1,50 м/сек²
EN 20643 бойынша өлшем
19. Ақаулықтарды іздеу
# Қажет болған кезде делдалға
жүгініңіз, STIHL компаниясы STIHL
делдалдарына жүгінуге кеңес
береді.
@ Іштен жанатын қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
қараңыз.