User Instructions

Table Of Contents
357
ENSKTRHUSRHRCSLVLTROELBGETAZKK
0478 111 9841 B - KK
Құрылғыны бекіту
Құрылғыны сəйкес келетін бекіту
материалының көмегімен жүк
тұғырына бекітіңіз.
Арқандар мен қайыстарды
белгіленген нүктелерге (4) бекітіңіз.
Шабылған шөпті қоқыс
ретінде лақтыруға болмайды,
оны компостирлеу керек.
Қаптамасы, құралдың өзі
жəне керек-жарақтар, кəдеге
жаратылатын материалдардан
өндіріліп, тиісті тұрпатта кəдеге
жаратылуы қажет.
Материалдың қалдықтарын бөлшектеп,
экологиялық рұқсат етілген түрде
пайдаға асырғанның арқасында, осы
үшін жарамды қалдықтарды көп рет
қолдануға мүмкін болады. Осы
себеппен, əдеттегі қызмет ету мерзімі
өткеннен кейін, құрал, өңделгеннен
кейін қайтара қолданыла алатын
қалдықтардың жиналатын орнына
жіберіледі. Пайдаға асырған кезде
«Пайдаға асыру» бөлімінің
нұсқауларын ұстаныңыз. (Ö 4.9)
Өзіңіздің пайдаға асыратын орталыққа
немесе қалдықтарды қалайша кəсіби
түрде пайдаға асыруға болатындығын
білу үшін делдалдарға жүгініңіз.
Техникалық қызмет көрсету туралы
маңызды ақпарат
Бензинді көгалшапқыш (STIHL RM)
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
талаптарын сақтамау нəтижесінде,
əсіресе қолдану мен қызмет көрсету
қауіпсіздігіне немесе рұсқат етілмеген
құрамдас бөліктерді немесе қосалқы
бөлшектерді қолдану нəтижесінде
пайда болған кез келген материалдық
залал немесе жарақаттану үшін STIHL
компаниясы жауапкершілік тартпайды.
STIHL құрылғысының зақымдарын
немесе шамадан тыс тозуын
болдырмау үшін міндетті түрде мына
маңызды нұсқауларды орындаңыз:
1. Тозатын бөлшектер
STIHL құрылғысының кейбір бөлшектері
мақсатына сай пайдаланылған кезде де
қалыпты тозуға тап болады жəне
оларды пайдалану түрі мен ұзақтығына
қарай уақыт өте келе ауыстыру керек.
Оларға мыналар жатады:
Шапқыш пышағы
Шөп жинағыш
Сына тəрізді белдік (RM 443 T,
RM 448 PC, RM 448 PT, RM 448 T,
RM 448 TC, RM 448 TX, RM 448 VC)
2. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарын орындау
STIHL құрылғысын пайдалану, сақтау
жəне оған техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарына сай мұқият
өткізу керек. Қауіпсіздік, пайдалану
жəне техникалық қызмет көрсету
нұсқауларын сақтамаудан пайда болған
бүкіл шығындар үшін пайдаланушының
өзі ғана жауапты болады.
Атап айтқанда, бұл мыналарға қатысты:
өнімге STIHL компаниясы рұқсат
етпеген өзгерістер енгізу.
STIHL компаниясы тарапынан рұқсат
етілмеген өндірістік материалдарды
қолдану (майлау материалдары,
бензин жəне мотор майы, іштен
жанатын қозғалтқыш өндірушісінің
мəліметтерін қараңыз).
сапасы төмен, қабылдарлық емес,
құрылғыға арналмаған құралдарды
жəне керек-жарақтарды пайдалану.
өнімнің мақсатына сай
қолданылмауы.
өнімді спорттық немесе конкурстық
іс-шараларда қолдану.
бөлшектері ақаулы өнімді
пайдаланудан болатын зақымдар.
3. Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстар
«Техникалық қызмет көрсету»
бөлімінде көрсетілген барлық жұмыстар
тұрақты түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі
осы жұмыстарды пайдаланушы өз
бетімен өткізе алмаған жағдайда
делдалға хабарласу керек.
STIHL компаниясы техникалық қызмет
көрсету жөніндегі жұмыстарды жəне
жөндеуді орындау үшін тек қана STIHL
делдалдарына жүгінуді ұсынады.
STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады жəне техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
14. Қоршаған ортаны
қорғау
15. Тозу дəрежесін
барынша азайту жəне
зақымдардан қорғау