User Instructions

Table Of Contents
0478 111 9841 B - KK
356
12.6 Шапқыш пышағын қайрау
STIHL шапқыш пышақтарын қайрауды
техник мамандарға тапсыруды
ұсынады. Пышақтар дұрыс
қайралмаған кезде (қайрау бұрышы
дұрыс емес, теңсіздік жəне т.б.)
құрылғының жұмысы нашарлайды.
Қайрау бойынша нұсқаулық:
Шапқыш пышағын бөлшектеңіз
(Ö 12.5).
Шапқыш пышағын қайраған кезде,
мысалы, сумен салқындату қажет.
Көк түс пайда болмауы керек,
əйтпесе жарамдылық мерзімі
қысқара түседі.
Теңгерімсіздік тудырған дірілдерді
болдырмау үшін пышақты біркелкі
қайраңыз.
Қайрау бұрышын 30° етіп сақтаңыз.
Қайрағаннан кейін кескіш жиегіндегі
үгінділерді ұсақ бүдірлі ысқыш
қағазбен тазартыңыз.
Тозудың шектерін сақтаңыз. (Ö 12.4)
12.7 Сақтау жəне қолданыстан
шығару (қысқы қаңтарылу
кезеңінде)
Көгалшапқышты құрғақ, жабық əрі
шаңсыз жерде сақтаңыз. Үй-жай
балалардан алшақ екеніне көз
жеткізіңіз.
Ықтимал ақауларды қоймаға
орналасқанға дейін жою қажет. Құрылғы
техникалық жарамды жəне қауіпсіз
күйде болуға тиіс.
Тұмшалау алдында жанармай багі мен
карбюраторды босату қажет (мысалы,
босату үшін жүргізу арқылы).
Ұзақ мерзімге қолданыстан шығарған
кезде (қысқы айлар) келесі сəтке назар
аудару қажет:
Құрылғының барлық сыртқы
бөлшектерін дұрыстап тазалап
шығыңыз.
Барлық қозғалмалы бөлшектерді
жақсылап майлаңыз.
Оталдыру білтені бұрап алып
шығыңыз (қозғалтқышты қолдану
жөніндегі нұсқаулықты қараңыз)
жəне оталдыру білтесіне арналған
саңылау арқылы қозғалтқышқа
шамамен мотор майының 3 см³
құйыңыз. Қозғалтқышты оталдыру
білтесінсіз-ақ бірнеше рет
айналдырып көріңіз (стартердің
арқанын тартып).
Оталдыру білтесін қайтадан орнына
бұрып қойыңыз (қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
қараңыз).
Майды ауыстырыңыз (қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
қараңыз).
13.1 Тасымалдау
Құрылғыны тасымалдау
Екі адам:
Құрылғыны тек алдыңғы
тұтқасынан (1) жəне жетекші
тұтқасынан (3) ұстап көтеру керек.
Шапқыш пышақтарының жəне
дененің арасындағы, əсіресе, аяқтар
мен табан арасындағы қашықтықты
қатаң қадағалаңыз.
Бір адам:
Құрылғыны тасымалдауға арналған
артқы тұтқаның (2) ортасынан бір
қолмен ұстап, ал екінші қолмен
алдыңғы тұтқадан (1) ұстап көтеріңіз
жəне тасыңыз.
Өрттің туындау қаупі бар!
Тұтандыру білтесінің түйіспелі
ұштығын ұяшықтан алшақ
ұстаңыз, себебі оның жану қаупі
бар.
13. Тасымалдау
Жарақат алу қаупі бар!
Тасымалдау алдында
«Қауіпсіздік шаралары» бөлімін
оқып алыңыз. (Ö 4.)
Тасымалдау барысында тиісті
қорғаныс киімін (қорғаныш аяқ
киім, тығыз жұмыс қолғабы)
киіңіз.
Тасымалдау кезінде от алдыру
білтесі сымының штекерін
міндетті түрде тартып шығару
керек. Қауіпсіздік түсінігіне
байланысты, STIHL компаниясы
құрылғыны тек екі адамның
көмегімен тасуды ұсынады.
Көтеруден бұрын құрылғының
салмағын «Техникалық
деректер» тарауынан тексеріңіз.
22
23