User Instructions

Table Of Contents
0478 111 9841 B - KK
350
Оң жақ (RM 443 T, RM 448 PT,
RM 448 T, RM 448 TX):
Шоғырсымды ұстаушыны (G) арқан
жетегінің қозғалғыш жетегінің
иінтірегіне (4) іліп қойыңыз.
Екі жақтағы бұранданы (F) іштен
сыртқа қарай саңылаулар арқылы
кіргізіңіз.
Тез əрекетті бекіту тетігін (E)
бұрандаларға (F) бұраңыз (бұранда
қадамы шығып тұруы керек) жəне
қайырыңыз.
Монтаждаудың дұрыстығын тексеру:
Тез əрекетті бекіту тетігі (E) қатты
кигізілгендіктен иінтірекке өте тығыз
жатуы керек жəне бас тұтқаның
жоғарғы бөлігі төменгі бөлігімен берік
қосылуы керек.
Егер бас тұтқа берік орнатылмаса
немесе тез əрекетті бекіту тетігі
дұрыс отырмаса, тез əрекетті бекіту
тетігін ашып, қатты берік болғанша
бұрау керек.
7.4 Шөпжинағышты монтаждау
Шөпжинағыштың жоғарғы
бөлігін (B) шөпжинағыштың
төменгі бөлігіне (C) орнатыңыз.
Дұрыс орнату позициясын
нұсқаулықтан қараңыз.
Болттар (D) қарастырылған тесіктер
арқылы ішінен қысылады.
Шөпжинағыштың (B) жоғарғы бөлігін
шөпжинағыштың төменгі бөлігіне
жайлап басу арқылы тіркейді.
Шөпжинағышты өз орнына қойыңыз
(Ö 8.3).
7.5 Стартер арқанын бекіту
жəне босату
Бекіту
От алдыру білтесі сымының штекерін
іштен жанатын қозғалтқыштан
суырып шығарыңыз.
Қозғалтқышты тоқтату тұтқасын (1)
бас тұтқаға қарай басып тұрыңыз.
Стартер арқанын (2) баяу тартыңыз.
Қозғалтқышты тоқтату тұтқасын (1)
босатып, стартер арқанын (2) жетек
арқанының бағыттауышына (3)
бекітіңіз.
От алдыру білтесі сымының штекерін
салыңыз.
Босату
От алдыру білтесі сымының штекерін
іштен жанатын қозғалтқыштан
суырып шығарыңыз.
Стартер арқанын (2) жетек
арқанының бағыттауышынан (3)
босатыңыз.
7.6 Жанармай жəне мотор майы
Мотор майы:
Қолданылатын мотор майы
мен толтырылатын майдың
көлемі туралы қосымша мəліметті
қозғалтқышты пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтан табуға болады.
Майдың деңгейін үнемі тексеріп
тұрыңыз (қозғалтқышты пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).
Майды бақылау белгісінен асырып
немесе одан аз құймаған жөн.
Бензинді қозғалтқышты іске қосудан
бұрын май багінің құлпын шегіне
жеткенше дейін бұрап тастау керек.
Жанармай:
Біздің ұсынатынымыз:
жаңа таңбалы жанармай,
этилденбеген бензин.
Жағармай сапасы жөніндегі
нұсқауларды (октандық сан)
қозғалтқышты пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтан қараңыз.
8.1 Бір жақты жүргізу тұтқасын
орнату (RM 448 PC, RM 448 TC,
RM 448 VC)
Бас тұтқаны жинау:
Тасымалдау күйі (құрылғыны тазарту,
ықшам тасымалдау жəне тұмшалау
үшін):
5
Шапқышты бүлдіріп алмас
үшін!
Алғашқы іске қосудан бұрын
мотор майын құю керек. Мотор
майын немесе жағармай құю
кезінде қосымша көмекші керек-
жарақтар қолдану керек
(мысалы, шұңғыманы).
6
7
8. Басқару элементтері
Қысылу қаупі бар!
Тежегіш иінтіректі іске қосу
кезінде бас тұтқаның жоғарғы
бөлігін ең жоғарғы күйінде қолмен
ұстап тұрыңыз.
Бас тұтқа мен консольдің
арасына (тежегіш иінтіректен
жоғары жəне төмен)
саусағыңызды салуға тыйым
салынады.
8