User Instructions

Table Of Contents
0478 111 9841 B - KK
348
Багында бензині бар құрылғыны
ғимараттың ішінде ешқашан
сақтамаңыз. Пайда болатын бензин
булары, жанып тұрған отпен немесе
ұшқынмен түйісіп, кейін тұтанып кетуі
мүмкін.
Қажет болғанда, мысалы, қыс
маусымында шапқышты қолданысқа
енгізер алдында жағармай багін
босатыңыз, бірақ осы жұмысты тек
ашық ауада жасаңыз
(барлық жағармайды жұмсаңыз).
Ұзақ уақыт сақтау алдында
(мысалы, қыс айларында) құрылғыны
мұқият тазарту қажет.
Шапқышты сақтағанда, ондағы
тұтандыру білтесінің түйіспелі ұштығын
алып шығарып қойыңыз.
Құрылғыны тек жұмысқа жарамды
күйінде ғана пайдаланған жөн.
Құрылғыны бүркеп қояр алдында, оны
суытыңыз.
Құрылғыны абайсызда аунап кетпейтін
тегіс жерде сақтаңыз.
4.9 Пайдаға асыру
Ескі май немесе жанармай сияқты
қалдықтар, қолданылып болған
материалдар, сүзгілер, аккумуляторлар
жəне басқа да тез тозатын бөлшектер
адамға, жануарларға жəне экологияға
зиян келтіруі мүмкін, сондықтан тиісті
тұрпатта кəдеге жаратылуы керек.
Қалдықтарды қалайша кəсіби түрде
пайдаға асыруға болатындығын білу
үшін қайта өңдеу орталығыңызға
немесе делдалдарға жүгініңіз. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
Ауыстырылған агрегат нұсқаулыққа
сəйкес пайдаға асырылатынына көз
жеткізіңіз. Пайдаға асырар алдында,
агрегатты қолданысқа жарамсыз етіңіз.
Жазатайым уақиғалардан қорғану
мақсатында, оталдыру сымын ағытып,
жағармай багын босатып, мотор майын
ағызып жіберген жөн.
Жарақат алу қаупі бар: шабу пышағы!
Ескі шабу пышағын ешқашан қараусыз
қалдырмаңыз. Құрылғы мен əсіресе
шабу пышағы балалардан алшақ жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
5. Таңбалардың
сипаттамасы
Назар аударыңыз!
Қолданар алдында
пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Қауіпті аймақта
адамдардың болуына
тыйым салынған.
Жарақат алу қаупі бар!
Кескіш құралмен, қызмет
көрсететін жəне
тазартатын жұмыс істер
алдында оталдыру
білтесінің түйіспелі
ұштығын суырып алыңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Қолыңыз бен аяғыңызды
пышақтардан алшақ
ұстаңыз!
Кескіш құрылғылар
өшіргеннен кейін бірнеше
секунд ішінде айналып
тұрады (іштен жанатын
қозғалтқыштың
тежегіші/пышақ тежегіші).
RM 443, RM 443 T,
RM448PT, RM448T,
RM 448 TX:
Іштен жанатын
қозғалтқышты іске қосу
RM 443, RM 443 T,
RM448PT, RM448T,
RM 448 TX:
Іштен жанатын
қозғалтқышты сөндіру
RM 443 T, RM 448 PT,
RM 448 T, RM 448 TX:
Қозғалғыш механизм
жетегін қосу
RM 448 PC, RM 448 TC,
RM 448 VC:
Іштен жанатын
қозғалтқышты іске қосу
RM 448 PC, RM 448 TC,
RM 448 VC:
Іштен жанатын
қозғалтқышты сөндіру
RM 448 PC, RM 448 TC,
RM 448 VC:
Қозғалғыш механизм
жетегін қосу