User Instructions

Table Of Contents
0478 111 9841 B - KK
346
Қыртыстағы жасырын нысандарды
(көгалда бүрку жабдығы, діңгектер, су
клапандары, іргетастар, электрлік
сымдар жəне т.б.) өткізіп жіберу керек.
Мұндай бөгде заттардың үстінен
ешқашан жүргізбеңіз.
Кескіш құрал
ажыратылғаннан кейін толық
тоқтағанға дейін біршама
уақыт өтетінін естен
шығармаңыз.
Төмендегі жағдайларда іштен жанатын
қозғалтқышты сөндіріңіз, жұмыс істеп
тұрған жұмыс құралы тоқтағанша күтіңіз
жəне от алдыру білтесі сымының
штекерін суырып алыңыз:
құрылғыны қалдырған немесе ол
бақылаусыз қалған жағдайда,
жанармай құю алдында. Іштен
жанатын қозғалтқыш суығанда ғана
жанармай құйыңыз.
Өрт қаупі бар!
лақтырманың науасындағы
бұғаттауды босату немесе бітелген
жерлерін кетіру алдында,
құрылғыны көтеріп алып,
тасымалдау алдында,
құрылғыны тасымалдау алдында,
шапқыш пышағымен жұмыс істеу
алдында,
құрылғыны тексеріп тазарту алдында
немесе өзге де жұмыстарды жүргізу
алдында (мысалы, бас тұтқаны
жинау),
бөгде заттар түсіп кеткен немесе
көгалшапқыш өте қатты дірілдеген
жағдайда. Бұл жағдайда құрылғыда,
əсіресе кескіш бөлікте (пышақ,
кесетін десте, пышақтың бекіткіші)
зақымдалған жерлердің бар-жоғын
тексеріңіз жəне құрылғыны іске
қосып, оның жұмысын жалғастырмас
бұрын қажетті жөндеу жұмыстарын
орындаңыз.
Қозғалтқышты мына жағдайда
сөндіріңіз,
Сіз көгалшапқышты шөп алаңына
жəне одан кері тасығанда,
көгалшапқышты тақыр жерге
сүйретіп əкелер алдында,
түсіріп тастауға арналған жапқышты
ашар немесе шөп жинағышты алар
алдында,
көгалшапқышты тасымалдау
мақсатында аудару үшін,
кесік биіктігін орнатар алдында.
4.7 Техникалық қызмет көрсету жəне
жөндеу
Тазалау, орнату, жөндеу жəне
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын бастамас бұрын:
Құрылғыны берік, тегіс жерге
қойыңыз,
Іштен жанатын қозғалтқышты
өшіріңіз жəне суытыңыз,
От алдыру білтесі
сымының штекерін
шығарыңыз.
Назар аударыңыз жарақат
алу қаупі бар!
От алдыру білтесі сымының штекерін от
алдыру білтесінен алшақ ұстаңыз,
себебі күтілмеген ұшқын өрт не ток
соғуға əкелуі мүмкін.
От алдыру білтесінің от алдыру білтесі
сымының штекеріне абайсыз тиюі іштен
жанатын қозғалтқыштың күтілмеген іске
қосылуына əкелуі мүмкін.
Жұмысты бастар алдында,
қозғалтқыштың, дем шығаратын
коллектордың жəне шу басқыштың
аумағындағы құрылғының суығанын
күтіңіз. Температурасы 80°С жəне одан
да жоғары болуы мүмкін. Жану қаупі
бар!
Мотор майымен тікелей жанасу қауіпті
болуы мүмкін, оған қоса, мотор майын
төгуге болмайды.
STIHL компаниясы мотор майын құю
жəне мотор майын ауыстыру үшін
STIHL делдалдарына жүгінуді ұсынады.
Жарақат алу қаупі бар!
Қатты дірілдер əдетте
ақаулықтың белгісі болып
табылады.
Көгалшапқыштың, əсіресе, иінді
білігі майысқан немесе шапқыш
пышағы зақымдалған немесе
майысқан болса, оны қолдануға
болмайды.
Қандай да кеңестер қажет болған
жағдайда, барлық қажетті
жұмыстарды кəсіпқой маманға
орындауға беріңіз STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
Жарақат алу қаупі бар: шабу
пышағы!
Стартер арқанын созу арқылы,
жұмыс құралдары айналмалы
түрде қозғалатын болады. Сіз
стартердің арқанын созып жатқан
кезде, көгалшапқышқа қарай
қашықтықтың жеткілігіне, əсіресе
қол-аяғыңызға аса назар
аударыңыз.