Instruction Manual

Table Of Contents
0478 670 9907 D - KK
510
Жұмыс күйі құрылғыны жылжыту
үшін:
Бас тұтқаның жоғарғы бөлігін (2)
артқа аударыңыз жəне бір қолмен
ұстап тұрыңыз.
Айналмалы тұтқаларды (1) толық
бұрап бекітіңіз.
Стартер арқанын іліп қойыңыз.
(Ö 7.2)
7.5 Аэратор блогы
Аэратор блогын жұмыс күйіне
төмендету:
Аэратор блогының
иінтірегін (1) суретте
көрсетілгендей көрсеткі
бағытымен жұмыс күйіне
орнатыңыз. Аэратор блогы
орнатылған жұмыс тереңдігіне
төмендейді. (Ö 7.6)
Аэратор блогын тасымалдау
күйіне көтеру:
Аэратор блогының
иінтірегін (1) тасымалдау
күйіне орнатыңыз жəне
бекітіңіз.
7.6 Жұмыс тереңдігін орнату
Алты түрлі жұмыс тереңдігін
орнатуға болады.
Деңгей 1:
ең кіші жұмыс тереңдігі
Деңгей 6:
ең үлкен жұмыс тереңдігі
Реттеу ауқымы: 25 мм.
1 Аэратор блогының иінтірегін (1)
тасымалдау күйіне орнатыңыз жəне
бекітіңіз. (Ö 7.5)
2 Жұмыс тереңдігінің айналмалы
тұтқасымен (2) қалаулы жұмыс
тереңдігін орнатыңыз.
Нұсқау:
Қопсыту процесін əрқашан ең кіші
жұмыс тереңдігінен (1-деңгей)
бастаңыз. Егер қопсыту нəтижесі
жеткіліксіз болса, онда жұмыс
тереңдігін біртіндеп арттырыңыз.
Пышақ тозуын үлкенірек жұмыс
тереңдігін таңдау есебінен азайтуға
болады.
Жаңа пышақтармен жұмыс істегенде
5 жəне 6 деңгейлерін таңдауға
болмайды, себебі бұл жағдайда
қопсыту кезінде шөптің тамырлары
зақымдалуы мүмкін.
8.1 Қопсыту туралы нұсқаулар
Көгал жиі қопсытудың арқасында
кеберсушілікке, ыстыққа жəне суыққа
төзімдірек болады. Жыл сайынғы
аэрация шөпті ауруларға төзімдірек
етеді, бұған қоса, топырақ тығыздау
болады жəне (доп ойнау, кештер,
мерекелер нəтижесінде пайда болған)
əрсіз беттер кетеді. Нəтижесінде тегіс,
жасыл шөп өседі.
Уақыт:
Жыл сайынғы қопсыту үшін ең тамаша
уақыт көктем.
Егер көгал жылына бір реттен көбірек
аэратормен өңделсе, бұл жұмыстарды
жаздың ортасында жəне күздің
ортасында орындамаған жөн.
Шөпке қопсытудан кейін қалпына келу
үшін екі апта керек. Сондықтан, көгалды
көктемгі өсу кезінде қопсыту оңтайлы
болып табылады.
Қатты өсіп кеткен көгалдарды жылына
екі рет өңдеу керек: бірінші рет
көктемде, ал келесі рет күзде.
Көгалды дайындау:
Қопсыту алдында шөпті шамамен 2-
3 см биіктікке қырқыңыз.
Көгал неғұрлым қысқа етіп кесілген
болса, ол соғұрлым жақсы
қопсытылады.
Көгал жаңадан тұқым себілген, ылғалды
немесе тым құрғақ болмауы керек.
Дөңгелек жалпақ басты
бұрандалардың бұрамасындағы
еркін айналу айналмалы
тұтқаның бұрандалардан
өздігінен толығымен бұрап
шығарылуына жол бермейді
(өздігінен бұрап босатылудан
қорғау).
Жарақат алу қаупі бар!
Айналатын аэратор блогын
төмендеткен кезде аэратор алға
қарай қозғала бастайды.
8
9
Жұмыс тереңдігі пышақтың
тозуына жəне топыраққа
байланысты. Пышақ айналғанда
жəне өз салмағының əсерінен
аэратор шөпті бетке басылады:
Сондықтан топырағы жұмсақ
жерде ол қатты топырақпен
салыстырғанда тереңірек кіреді.
10
8. Жұмыс нұсқаулары