Instruction Manual

138 0456 705 0001 M19
Аяқ киімнің осы типінің электрлік
кедергісі майысудан, ластанудан
немесе ылғалданудан нашарлауы
мүмкін. Бұл аяқ киім, сыз болған
кезде өзінің қарастырылған
атқарымын орындамайды. Сол
себепті, электрлік жүктемелерді
бұрып алып кету бойынша өзінің
қарастырылған атқарымын
орындай алатын жағдайда
болуына және өзінің қызмет ету
мерзімінің ішінде қорғанысты
ұсынуын қамтамасыз ету керек.
Сондықтан, пайдаланушы, қажет
болған жағдайда электрлік
кедергіні өз орнында тексергені,
сондай-ақ, оны қысқа уақыт
аралығы сайын өткізгені
ұсынылады.
І сыныпты аяқ киімді ұзақ уақыт
бойы киген жағдайда, ол ылғалды
сіңіре алады, сонымен қатар
ылғалды және қымқыл орта болған
кезде тоқ өткізгіш бола алады. Егер
аяқ киім, ұлтарақтың материалы
контаминацияланатын шартта
қолданылса, онда пайдаланушы
қауіпті аймаққа кірудің алдында,
аяқ киімнің электр өткізгіштігі
қасиеттерін анықтау үшін аяқ киімді
әрбір рет тексеруге тиіс.
Электрленбейтін аяқ киім
қолданылатын салалардағы
еденнің кедергісі, аяқ киімнен
ұсынылатын қорғаныс атқарымы
алынбайтын түрде болуы тиіс.
Қолданған кезде, аяқ киімнің ішкі
ұлтарағы мен пайдаланушының
табаны арасына әдеттегі шұлықтан
басқа оқшаулағыш заттарды
салуға болмайды. Егер аяқ киімнің
ішкі ұлтарағы мен
пайдаланушының аяғының
арасына төсеме салынған болса,
онда электр параметрлеріне аяқ
киім/төсеме байланысын тексеру
керек.
Төсемелер / Аспалы бөлшектер
Ұлтарақтармен / аспалы
бөлшектермен бірге
дайындалатын және жеткізілетін
қорғаныс аяқ киімі, осы күйінде
тексерістен өткен және
қолданыстағы нормалардың
талаптарына сай келеді.
Ұлтарақтарды ауыстырған кезде,
ұлтарақтар, құралымы жағынан аяқ
киім өндірушінің ұлтарақтарына
тең келетін үлгілерге
ауыстырылған кезде ғана өзінің
қорғаныс қасиеттерін сақтайды.
Ортопедиялық үлгіде өзгеретін
қорғаныс аяқ киімі мен жұмыс аяқ
киімін, өндіруші тарапынан
пайдалануға рұқсат етілген
ортопедиялық ұлтарақтармен және
аяқ киім материалдарымен ғана
түзетуге болады.
Ортопедиялық өлшемдерді
орындау үшін аяқ киім өндірушінің
нұсқауларын сақтау қажет.
Назар аударыңыз: Құралымы
жағынан тең келмейтін
ұлтарақтарды қолданған жағдайда,
қорғаныс аяқ киімі нормалардың
талаптарына сай келмейтін
болады. Қорғаныс қасиеттері
нашарлауы мүмкін.
Гетралар немесе тікенектер
сияқты аспалы бөлшектерді
қолданған жағдайда, өнімнің
атқарымы бұзылып кете алады.
Бұл ақпарат келесі өнімдер үшін
жарамды: (артикул нөмірлерінің
арақатынасын пайдалану жөніндегі