Instruction Manual

0456 705 0001 M19 137
Сырғанауға қарсылық: Сырғанауға
қарсылық таңбаланған
параметрлері бойынша
зертханалық жағдайда тексерілді.
Бұл қауіпсіз қозғалыстың кепілдігі
болып табылмайды, себебі әсер
етудің түрлі факторларына
байланысты болып табылады
(мысалы, еденнің жабыны,
ластануы). Біз «аяқ киім-еден-
орта» жүйесі үшін аяқ киімді
жергілікті түрде сынауға кеңес
береміз.
EN ISO 20345 стандартының
талаптары бойынша жұмыс аяқ
киімі энергияның 200 Дж әсерімен
және табандағы саусақтардың
қорғайтын жерінде 15кН сығымдау
жүктемесімен соққыға қарсылық
жөніндегі талаптарды орындайды.
Бұл EN ISO 20345 стандартының
базалық талаптары және олар SB,
S1, S1P, S2 және S3 санатындағы
тауарлар үшін құлайтын заттардан
қорғанысын білдіреді. Одан
жоғары күштер табандағы
саусақтардың соғылуының қаупін
арттыруы мүмкін. Осындай
жағдайларда баламалы
превентивті шараларды қолдану
керек.
Аяқ киім электрленбейтін
қасиеттерге ие болса, онда
төменде келтірілген ұсыныстар
міндетті түрде сақталуға тиіс:
Электрленбейтін аяқ киім,
электрлік жүктемелерді бұрып
алып кету арқылы
электрстатикалық жүктемеден
қорғану қажеттілігі болған
жағдайда қолданылуы тиіс,
осылайша, ұшқынның әсерінен
жанғыш заттардың және будың
тұтану қаупіне жол берілмейді
және электр агрегатынан немесе
кернеу астында тұрған
толымдаушылардан тоқ соғу
қауіптілігіне толықтай жол
берілмейтін жағдайда қолданылуы
тиіс. Алайда, электрленбейтін аяқ
киім электр тоғының соғуына қарсы
қорғанысты толықтай қамтамасыз
ете алмайды, себебі ол бар
болғаны топырақ пен табанның
арасында кедергі жасайды. Егер
электр тоғының соғуы қауіптілігі
толықтай алынып тастала алмаса,
онда осындай қауіптіліктен
қорғануға арналған басқа шаралар
қолданылуы тиіс. Осындай
шаралар мен алдағыда
көрсетілетін тексерістер,
жазатайым оқиғалардың алдын
алу жөніндегі күн сайынғы
бағдарламаның бөлігі ретінде
жұмыс орнында өткізілуге тиіс.
Тәжірибе көрсеткендей, өнім өзінің
қызмет ету мерзімі бойы байланыс
арнасының антистатикалық
қорғанысын қамтамасыз етуі үшін
1000 MΩ мәнінен басталатын
электрлік кернеуге ие болуға тиіс.
100 kΩ мәні, электр агрегаты
250 В-қа дейін жұмыс істеген кезде
орын алған ақаулықтардың
себебінен электр тоғының қауіпті
соққысынан немесе тұтанудан
қорғанысты қамтамасыз етуі үшін
жаңа өнімнің кедергісіне арналған
төменгі шекара ретінде
белгіленген. Алайда аяқ киім
белгіленген шарттарда толық
қорғанысты қамтамасыз ете
алмайтындығын ескерген жөн,
сондықтан аяқ киімді пайдаланушы
қосымша қорғаныс шараларын
әрдаййым қолдануға тиіс.