Instruction Manual

0456 705 0001 M19 133
Біз, тозып кеткен өнімді басқасына
ауыстыруды ұсынамыз: ең көбі
2 жылдан кейін үнемі қолданған
кезде (айына бірнеше рет). Ең көбі
5 жылдан кейін тұрақсыз қолданған
кезде (бұдан бөлек, өнімдерді
техникалық тұрғыда жетілдіру
себебімен). Өнім қолданыстағы
стандарттар мен ережелердің
талаптарын орындамаған және
қауіпсіздік тұрғысынан тозудың
маңызды іздерін көрсетпеген
жағдайларды санамағанда.
2.
Осы киімді шақтап көру арқылы
киген кезде, оның шақ келуін
бақылау керек. Аяқ киімдегі
жапқыш жүйесін тиісті тұрпатта
қолдану керек. Ресми тұрғыда
бекітілмеген құрамдастарды
пайдалану, мысалы, қосымша
салынатын ұлтарақ, аяқ киімнің
қорғаныс қызметіне кері әсерін
тигізуі мүмкін.
3.
Аяқ киім суыққа және ылғалға
қарсы өзінің қорғаныс әсерін
сақтап, иілгіш болуы үшін, күтім
көрсету жөніндегі келесі
нұсқауларды ескеру қажет:
Аяқ киімді бірінші рет киюдің
алдында, оған аяқ киімге күтім
көрсету құралын немесе
былғарыға арналған майды
сіңіріп жағу керек.
Аяқ киімді әрбір рет кірлеген
сайын тазалау. Қатты жабысып
қалған кірді сабын ерітіндісімен
жуыңыз, өткір немесе ойып
түсіретін тазартқыш құралдарды
не болмаса жоғары қысымды
жуғышты қолданбаңыз!
Химикаттар немесе басқа да
ластықтар (мысалы,
жануарлардың нәжісі) теріге
қиын жазылатын құрылымдық
зақым келтіре алады.
Ылғалды аяқ киімді таза ауада
баяу кебуге қалдырыңыз.
Маңызды: Жылытқыштың дәл
жанында немесе күн көзінде
емес.
Аяқ киімге үнемі күтім көрсету
керек. Маңызды: Өсімдік
майларының өте көп мөлшері
бар күтім көрсететін
құралдардың тым көп санын
қолданған кезде, аяқ киімнің
қолданыстағы ылғалға төзімділігі
керісінше нашарлайды.
Аяқ киімді тиісінше,
мүмкіндігінше, жақсы
желдеткізілетін құрғақ және күн
сәулелерінің әсерінен қорғайтын
орын-жайларда тасымалдау
және сақтау қажет.
4.
Әрбір рет қолданудың алдында
қорғаныс бұйымының мінсіз күйін
(мысалы, табанның профилі ең
кемі 4 мм, бұйымның сыртқы күйін
тексеру, баулардың/ілгектердің
беріктігі және т.б.) бақылаңыз.
Бүлінген немесе өзгертілген
бұйымды дереу алып тастаңыз.
5.
Таңдалған аяқ киім, қорғаныс
жөніндегі талаптарға және оның
қолданыс мақсатына қатысты
талаптарға сай келуі маңызды. Аяқ
киімді тиісті мақсатта қолдану үшін