Instruction Manual

73
Q
қаптамасында сақтаған жөн.
: Құрылғыға экстремалды температуралардың, сұйықтықтардың
және УФ-сәулелену әсерін болдырмаңыз.
Жөндеу
Осы дулығаны қалпына келтіру мүмкін емес!
: Зақымданған болса дулығаны дереу алып тастау керек. Кейінгі
өзгертулерді (мысалы, дулығада тесіктерді бұрау) жасауға
рұқсат етілмейді және олар оның қорғаныс қасиетіне әсер етуі
мүмкін.
Ақауға шығару өлшемдері
: Дулығаны кезең-кезенмен көзге көрінетін ақауларды (мысалы,
сызаттар, дақтар) қарап тексеріңіз. Өзгертілген немесе
зақымданған дулығаны дереу ауыстыру керек.
: Жүктеменің, мысалы, ауыр соққы секілді, әсер етуінен кейін,
көзге түсетін зақымданулар болмаса да, дулығаны ауыстыру
керек.
Қолдану мерзімі
Дулығаны көрсетілген өндіру күнінен бастап төрт жылдан артық
(дулыға қаңқасындағы күні мен уақыт белгісін қараңыз) және
алғашқы қолдану күнінен бастап 3500 сағат артық пайдалануға
болмайды.
: Дулығаны уақытында ауыстыру өте маңызды. Дулығаның тозу
кезеңі алғашқы пайдалану күнінен басталады. «Шығарылған
күні» жазбасымен заттаңбасына назар аударыңыз.
: Алғашқы қолданған күнді дулығаның ішкі жағында заттаңбада
перманентті маркермен жазып алыңыз.
Құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер
Дулығаның ішкі жағына кіреді: 0000-889-9023
Мойын қорғанысы: 0000 889 8004
Иек белдікшесі: 0000 889 8003
: STIHL түпнұсқалық бөлшектерін ғана пайдалануға рұқсат
беріледі.
Сертификаттау
Дулыға төмендегі стандарттарға сай келеді: EN 397:2012,
NBR 8221
ЕО нормаларына сәйкестік таңбаламасы: CE
Өндіруші / Жеткізуші: STIHL
Моделі: FUNCTION Basic
Реттелінетін бас өлшемі: 53 см-ден 66 см-ге дейін