Instruction Manual

Table Of Contents
0458-511-9921-D
205
қазақ
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
4.6 Қуаттау
Сақтандыру
Қуаттау барысында жарамсыз немесе зақымдалған
қуаттағыш әдеттен тыс иіс шығаруы немесе түтіндеуі
мүмкін. Адамдар жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Штепсельді айырды розеткадан суырыңыз.
Қуаттағыш жылудың жеткіліксіз дәрежеде
бұрылмауынан қызып кетіп, өртену себебі болуы
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы немесе қайтыс
болуы және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
Қуаттағышты бүркемеңіз.
4.7 Желіге қосылу
Ток өткізгіш толықтырушы бөлшектермен жанасу келесі
себептерге байланысты болуы мүмкін:
Біріктіруші сым немесе ұзартатын сым бұзылған:
Біріктіруші сым немесе ұзартатын сымының
штепсельді айыры зақымдалмаған.
Розетка дұрыс орнатылмаған.
Қауіп
Ток өткізгіш толықтырушы бөлшектермен жанасу ток
соғу қаупінің себебі болуы мүмкін. Пайдаланушы ауыр
жарақат алуы немесе қайтыс болуы мүмкін.
Біріктіруші сым, ұзартатын сым мен штепсельді
айырдың бұзылмағанына көз жеткізіңіз.
Біріктіруші сым, ұзартатын сыммен және желілік
істікшемен жұмыс істегенде сіздің қолыңыз құрғақ
болуы тиіс.
Біріктіруші сымның немесе ұзартатын сымның
желілік істікшесін дұрыс орнатылған және жерге
тұйықтау түйіспесі бар розетка ұясына қосыңыз.
Қуаттағышты дифференциалды қорғаныстың
автоматты сөндіргіші (30 мА, 30 мс) арқылы
қосыңыз.
Зақымдалған немесе сәйкес келмейтін ұзартатын сым
электр тогының соғуына әкелуі мүмкін. Адамдар ауыр
жарақат алуы немесе қайтыс болуы мүмкін.
Қолайлы көлденең қимасы бар ұзартатын сымын
пайдаланыңыз, @ 12.2.
Сақтандыру
Қуаттау барысында дұрыс емес болған желінің кернеуі
немесе дұрыс емес болған желінің жиілігі
қуаттағыштың артық жүктемесіне себеп болуы мүмкін.
Қуаттағыш бұзылуы мүмкін.
Желінің кернеуі мен электр желісінің жиілігі
қуаттағыштың паспорттық деректері бар фирмалық
тақтайшасына сай келетініне көз жеткізіңіз.
Дұрыс қойылмаған жалғастыру және ұзартқыш сымы
зақымдалуы немесе сүрінуге алып келуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы, ал біріктіруші сым немесе
ұзартатын сым – бұзылуы мүмкін.
Біріктіруші сымды және ұзартатын сымды адамдар
оған сүрінбейтіндей етіп өткізіңіз және белгілеңіз.
Біріктіруші сымды және ұзартатын сымды олар
созылмайтындай және шатаспайтындай етіп
өткізіңіз.
Біріктіруші сымды және ұзартатын сымды олар
зақымданбайтындай, қысылмайтындай немесе
қажалмайтындай етіп өткізіңіз.
Біріктіруші сымды және ұзартатын сымды жылудан,
май мен химиялық заттардың түсуінен қорғаңыз.
Біріктіруші сым және ұзартатын сымдарды құрғақ
жерге орналастыру қажет.
Егер біріктіруші сым немесе ұзартатын сым
бұзылған болса:
Зақымданған учаскеге тиіп кетпеңіз.
Штепсельді айырды розеткадан
суырыңыз.