Instruction Manual

Table Of Contents
0458-511-9921-D
203
қазақ
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
4.2 Мақсатына сай қолдану
STIHL AL 101 қуаттағышы STIHL AK және AP
аккумуляторларын қуаттайды.
STIHL AL 300 және AL 500 қуаттағыштары STIHL AK, AP
және AR аккумуляторларын қуаттау үшін арналған.
Сақтандыру
STIHL тарапынан мақұлданбаған қуаттағыштар мен
аккумуляторлар өрт және жарылыс себебі болуы
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы немесе қайтыс
болуы және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
STIHL AL 101 қуаттағышымен
STIHL AK және AP аккумуляторлары
қуатталады.
STIHL AL 300 немесе AL 500
қуаттағыштарымен STIHL AK, AP және
AR аккумуляторлары қуатталады.
Егер қуаттағыш мақсаты бойынша қолданылмаса,
адамдардың зардап шегуі немесе өлтірілуі, сондай-ақ
оларға материалдық зиян келтірілуі мүмкін.
Қуаттағышты осы пайдалану нұсқаулығында
сипатталғандай қолданыңыз.
4.3 Пайдаланушыларға қойылатын талаптар
Сақтандыру
Үйретілмеген пайдаланушылар қуаттағыштың
қауіптілігін түсінбеуі және оған мән бермеуі мүмкін.
Пайдаланушы және басқа да адамдар ауыр жарақат
алуы немесе қайтыс болуы мүмкін.
Егер қуаттағыш басқа тұлғаға берілсе: Сонымен
қатар пайдалану нұсқаулығы қоса беріледі.
Пайдаланушы келесі талаптарды
қанағаттандыратынына көз жеткізіңіз:
Пайдаланушы шаршаған емес.
Пайдаланушы қуаттағышты
пайдалану және онымен жұмыс істеу
үшін физикалық, тактильдік және
психикалық жақтан сау болып
табылады. Егер пайдаланушының
физикалық қабілеті, дене түйсігі
арқылы сезіну қабілеті немесе ақыл-
ой қабілеті шектеулі болса, онда
пайдаланушы, жауапты тұлғаның
бақылауымен немесе нұсқауларымен
ғана жұмыс істей алады.
Пайдаланушы зарядтау құрылғысының қауіптілігін
анықтай және бағалай алады.
Пайдаланушы кәмелетке толған тұлға болып
табылады немесе пайдаланушы мамандыққа
ұлттық ережелерге сәйкес бақылаумен оқиды.
Пайдаланушы қуаттағышты бірінші рет
пайдаланудың алдында STIHL
мамандандырылған дилеріне немесе құзыретті
тұлғаға барып, білім алды.
Пайдаланушы алкоголь, дәрі-дәрмек немесе
есірткі әсерінде емес.
Кез келген күмән туындаған жағдайда: STIHL
мамандандырылған дилеріне жүгініңіз.
Пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз,
түсініңіз және сақтап қойыңыз.