Instruction Manual

138 0456 705 0001 B19
Өлшемі ең кемі 30 мм құрайтын,
қорғаныс деңгейі (1-деңгей, 2-
деңгей немесе 3-деңгей)
көрсетілген, қоса берілген келесі
пиктограмма заттаңбада жақсы
көрініп тұруға тиіс және аяқ киімнің
сыртқы жағына ұзақ мерзімге
жапсырылуы керек.
Эрогономика тұрғысынан алып
қарағанда, әртүрлі шарттар мен
әртүрлі ортада жұмыс істеген
уақытта 1-қорғаныс деңгейі
қолданылады.
Жалпы: Қол шынжырлы арасынан
кесілуді қорғайтын жұмыс аяқ киімі
орман шаруашылығының
жұмыстарына арналған.
Пайдаланудың басқа түрлеріне
рұқсат берілмейді. Жұмыс аяқ
киімін таңдаған кезде және
пайдаланған кезде DGUV 112-191
ережелерінің жинағы көмектесе
алады. Жұмыс аяқ киімі оның
орындалуына байланысты,
ылғалдылық, табандағы саусақ
жағына механикалық әсер (соққы
мен сығымдау), заттардың табан
арқылы өтуі, сырғанау, электр
қуаты, жылу мен салқын сияқты
қауіптерден қорғауы тиіс.
Аяқ киім аталған таңбалануда
қорғаныс деңгейін ұсынады. Аяқ
киімнің қызметіне механикалық
әсер ету, өте өткір заттар, жоғары
немесе өте төмен температура не
қойылтылған қышқылдардың,
сілтілердің немесе басқа
химикаттардың әсері сияқты әсер
етудің нәтижелі шарттарына және
қоршаған ортаға әсерін тигізуі
мүмкін. Мұндай жағдайда,
қорғаныс жөніндегі қосымша іс-
шараларды орындау қажет.
Табанға өткір заттардың кіру
қаупінің мүмкіндігі (мысалы,
шегелер немесе шынының
сынықтары) бар жерлерде S3
белгісі бар аяқ киімді кию қажет. Біз
сіз үшін ең жарамды аяқ киімді
таңдауға әрқашан көмектесуге
қуаныштымыз.
Сырғанауға қарсылық: Сырғанауға
қарсылық таңбаланған
параметрлері бойынша
зертханалық жағдайда тексерілді.
Бұл қауіпсіз қозғалыстың кепілдігі
болып табылмайды, себебі әсер
етудің түрлі факторларына
байланысты болып табылады
(мысалы, еденнің жабыны,
ластануы). Біз «аяқ киім-еден-
орта» жүйесі үшін аяқ киімді
жергілікті түрде сынауға кеңес
береміз.
EN ISO 20345 стандартының
талаптары бойынша жұмыс аяқ
киімі энергияның 200 Дж әсерімен
және табандағы саусақтардың
қорғайтын жерінде 15кН сығымдау
жүктемесімен соққыға қарсылық
жөніндегі талаптарды орындайды.
Бұл EN ISO 20345 стандартының
базалық талаптары және олар SB,
S1, S1P, S2 және S3 санатындағы
тауарлар үшін құлайтын заттардан
қорғанысын білдіреді. Одан
жоғары күштер табандағы
саусақтардың соғылуының қаупін
арттыруы мүмкін. Осындай