Instruction Manual

0456 705 0001 B19 135
Аяқ киімді әрбір рет кірлеген
сайын тазалау. Қатты жабысып
қалған кірді сабын ерітіндісімен
жуыңыз, өткір немесе ойып
түсіретін тазартқыш құралдарды
не болмаса жоғары қысымды
жуғышты қолданбаңыз!
Химикаттар немесе басқа да
ластықтар (мысалы,
жануарлардың нәжісі) теріге
қиын жазылатын құрылымдық
зақым келтіре алады.
Ылғалды аяқ киімді таза ауада
баяу кебуге қалдырыңыз.
Маңызды: Жылытқыштың дәл
жанында немесе күн көзінде
емес.
Аяқ киімге үнемі күтім көрсету
керек. Маңызды: Өсімдік
майларының өте көп мөлшері
бар күтім көрсететін
құралдардың тым көп санын
қолданған кезде, аяқ киімнің
қолданыстағы ылғалға төзімділігі
керісінше нашарлайды.
Аяқ киімді тиісінше,
мүмкіндігінше, жақсы
желдеткізілетін құрғақ және күн
сәулелерінің әсерінен қорғайтын
орын-жайларда тасымалдау
және сақтау қажет.
4.
Әрбір рет қолданудың алдында
қорғаныс бұйымының мінсіз күйін
(мысалы, табанның профилі ең
кемі 4 мм, бұйымның сыртқы күйін
тексеру, баулардың/ілгектердің
беріктігі және т.б.) бақылаңыз.
Бүлінген немесе өзгертілген
бұйымды дереу алып тастаңыз.
5.
Таңдалған аяқ киім, қорғаныс
жөніндегі талаптарға және оның
қолданыс мақсатына қатысты
талаптарға сай келуі маңызды. Аяқ
киімді тиісті мақсатта қолдану үшін
таңдау жұмысы, ықтимал
тәуекелдерді мұқият талдау
негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Мамандандырылған сатушылар
таңдаған кезде кеңес беруі мүмкін.
Осы тауар қол арасымен жұмыс
жасаған кезде пайдалануға
арналған. Басқа қауіптіліктерге
қарсы қорғаныс ұсынылмайды
(мысалы, электр қуаты / тоқ соққан
кезде, абразивті-кескіш
агрегаттармен, жоғары қысымды
жуғыштармен жұмыс істеген кезде
және т.б.).
6.
Материалды бүлдіріп алмас үшін
қорғаныс бұйымына істік немесе
өткір заттарды (мотоаралардың
шынжырлары, металл аспаптары
және т.б.), сондай-ақ
жануарлардың нәжісі, қышқылдар,
май, еріткіштер, жанармай және
т.с.с. агрессивті заттарды
тигізбеңіз.
Назар аударыңыз! Егер жұмыс
істеген кезде аяқ киімге жанармай,
май немесе басқа да жанатын және
тұтанатын заттар жұғатын болса,
онда жұмысты жалғастырмай
тұрып, ең алдымен міндетті түрде
нұсқауға сай тазарту қажет - Өрттің
туындау қаупі төне алады! Ыстық
заттарға (шу басқыш және т.с.с.)
және басқа жылу көздеріне (жанып
тұрған от, каминдер және т.б.)
тигізбеңіз.