Instruction Manual
134 0456 705 0001 B19
МАҢЫЗДЫ: Осы ақпарат, осындай
аяқ киімді киетін әрбір адамға
ұсынылуы тиіс. Осы қауіпсіздік
бұйымдарын пайдаланған кезде
қорғаныс пен жайлылықтың
жоғары тиімділігін мүмкіндігінше
қамтамасыз ету үшін келесі
ақпаратқа міндетті түрде назар
аударған жөн:
1. Назар аударыңыз!
Шынжырлы араның кесіп кетуіне
қарсы қорғанысы бар қорғаныс аяқ
киімі:
Жеке қорғану құралдарының еш
қайсысы қозғалтқыштың
агрегатына (мысалы, мотоара)
байланысты жарақаттан мінсіз
қорғанысты қамтамасыз ете
алмайды.
Қорғаныстың тиімділік дәрежесі
көптеген әсерлерге байланысты
болады (мысалы, қозғалтқыштың
айналымдары мен айналдыру
мезеті, жұмыс аспабымен
жанасудың қарқындығы мен
ұзақтығы және басқасы).
Осы қорғаныс аяқ киімі жұмыс
кезінде ешбір жағдайда жұмыс
техникасын алмастырмайды.
Қозғалтқыштың агрегатын тиісінше
қолданбаған жағдайда, жазатайым
оқиға орын алуы мүмкін. Сол
себептен, тиісті сатылардың
(кәсіпкерлер одағы және т.с.с.)
қауіпсіздік техникасын және
қолданылатын қозғалтқыштың
агрегатының қолдану
нұсқаулығының қауіпсіздік
нұсқауларын міндетті түрде
сақтаңыз.
Бұйымға енгізілген өзгерістер,
қорғаныстың тиімділігіне кері
әсерін тигізе алады. Сол себептен,
бұйымға ешбір жағдайда қандай да
бір өзгеріс енгізбеңіз. Өзгертілген
бұйымды дереу алып тастаңыз.
Біз, тозып кеткен өнімді басқасына
ауыстыруды ұсынамыз: ең көбі
2 жылдан кейін үнемі қолданған
кезде (айына бірнеше рет). Ең көбі
5 жылдан кейін тұрақсыз қолданған
кезде (бұдан бөлек, өнімдерді
техникалық тұрғыда жетілдіру
себебімен). Өнім қолданыстағы
стандарттар мен ережелердің
талаптарын орындамаған және
қауіпсіздік тұрғысынан тозудың
маңызды іздерін көрсетпеген
жағдайларды санамағанда.
2.
Осы киімді шақтап көру арқылы
киген кезде, оның шақ келуін
бақылау керек. Аяқ киімдегі
жапқыш жүйесін тиісті тұрпатта
қолдану керек. Ресми тұрғыда
бекітілмеген құрамдастарды
пайдалану, мысалы, қосымша
салынатын ұлтарақ, аяқ киімнің
қорғаныс қызметіне кері әсерін
тигізуі мүмкін.
3.
Аяқ киім суыққа және ылғалға
қарсы өзінің қорғаныс әсерін
сақтап, иілгіш болуы үшін, күтім
көрсету жөніндегі келесі
нұсқауларды ескеру қажет:
• Аяқ киімді бірінші рет киюдің
алдында, оған аяқ киімге күтім
көрсету құралын немесе
былғарыға арналған майды
сіңіріп жағу керек.










