User Manual

Параметрлер
99
Samsung пернетақтасы
Samsung пернетақтасының параметрлерін өзгерту үшін опциясын түртіңіз.
Аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді опциялар өзгеріп
отыруы мүмкін.
•
Тілдер енгізу
: Мәтінді енгізу үшін тілдерді таңдаңыз.
•
Болжайтын мәтін
: Енгізуге байланысты сөздерді болжау және сөз ұсыныстарын көрсету
үшін болжалды мәтін режимін іске қосыңыз. Сондай-ақ, сөздерді болжау параметрлерін
теңшеуге болады.
•
Созылмалы енгізу
: Құрылғыны пернетақтаны жанап өту арқылы мәтінді енгізу үшін
реттеңіз.
•
Жүгіргіні басқару
: Курсорды пернетақтаны айналдыру арқылы жылжыту үшін смарт
пернетақта шарлау мүмкіндігін іске қосыңыз.
•
Пернені түрту дыбысы
: Құрылғыны пернені түрткенде дауысы шығатындай етіп
орнатыңыз.
•
Қолмен жазу
: Қолмен жазу режимінің тану уақыты, қалам қалыңдығы немесе қалам түсі
секілді параметрлерін реттеңіз.
•
Қосымша
:
–
Бас әріптерді автоматты қолдану
: Құрылғыны нүкте, сұрақ белгісі немесе леп
белгісі сияқты соңғы тыныс белгісінен кейін бірінші таңбаны автоматты түрде бас әріп
етуге орнатыңыз.
–
Бос орынды автоматты түрде қосу
: Құрылғыны автоматты түрде сөздер арасында
бос орын енгізетіндей етіп орнатыңыз.
–
Тыныс белгілерін автоматты қою
: Құрылғыны бос орын пернесін екі рет түрткенде
нүктені кірістіретін етіп орнатыңыз.
–
Таңбаларды қарап шығу
: Құрылғыны түртілген әр таңбаның үлкен суретін көрсетуге
орнатыңыз.
•
Көмек
: Samsung пернетақтасын пайдалану үшін анықтама ақпаратына кіріңіз.
•
Параметрлер қалп. келтіру
: Samsung пернетақтасының параметрлерін қалпына
келтіріңіз.










