User Manual

Параметрлер
90
Тірк. және жылж. “ыстық” нүкте
•
Портативті Wi-Fi “жедел” нүктесі
: Портативті Wi-Fi «жедел» нүктесін құрылғының ұялы
желі байланысын компьютерлермен немесе басқа құрылғылармен Wi-Fi желісі арқылы
бөлісу үшін пайдаланыңыз.
•
USB тіркеу
: Құрылғының ұялы желі байланысын компьютермен USB арқылы бөлісу үшін
USB тіркеу мүмкіндігін пайдаланыңыз. Компьютерге жалғанғанда, құрылғы компьютерге
сымсыз модем ретінде пайдаланылады.
•
Bluetooth байланыстыру
: Құрылғының ұялы желі байланысын компьютерлер немесе
басқа құрылғылармен Bluetooth арқылы бөлісу үшін Bluetooth бекіту мүмкіндігін
пайдаланыңыз.
•
Көмек
: USB, Wi-Fi және Bluetooth бекіту туралы қосымша мәліметтер.
VPN
Виртуалды жеке желілерді (VPN) орнатыңыз және оларға қосылыңыз.
Жақын құрылғылар
•
Файл бөлісу
: Басқа құрылғыларға құрылғыдағы мультимедиалық файлдарды ашуға
рұқсат ету үшін мультимедианы ортақ пайдалану мүмкіндігін іске қосыңыз.
•
Ортақ мазмұндар
: Мазмұнды басқа құрылғылармен ортақ пайдалану үшін құрылғыны
реттеңіз.
•
Рұқсат етілген құрылғылар тізімі
: Құрылғыға қол жеткізе алатын құрылғылар тізімін
қараңыз.
•
Рұқсат етілмеген құрылғылар тізімі
: Құрылғыға қол жеткізуге тыйым салынған
құрылғылар тізімін қараңыз.
•
Жүктеу
: Мультимедиалық файлдарды сақтайтын жад орнын таңдаңыз.
•
Басқа құрылғылардан жүктеу
: Басқа құрылғылардан жүктеулерді қабылдау үшін
құрылғыны реттеңіз.
Wi-Fi арқылы Kies
Құрылғыңызды Samsung Kies қолданбасына Wi-Fi желісі арқылы қосыңыз.










