User Manual

87
Параметрлер
Параметрлер туралы
Бұл қолданбаны құрылғыны теңшеу, қолданба параметрлерін орнату және есептік
жазбаларды қосу үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында
Қон-лар
опциясын түртіңіз.
Bluetooth
Қысқа қашықтықтарда ақпарат алмасу үшін Bluetooth мүмкіндігін іске қосыңыз.
Қосымша опцияларды пайдалану үшін
опциясын түртіңіз.
•
Көріну уақыты бітті
: Құрылғы көрініп тұратын уақыт ұзақтығын реттеңіз.
•
Алынған файлдар
: Алынған файлдарды Bluetooth мүмкіндігі арқылы көріңіз.
•
Анықтама
: Bluetooth үшін анықтама ақпаратына кіріңіз.
Wi-Fi
Wi-Fi желісіне қосылу және интернетке немесе басқа желілік құрылғыларға қол жеткізу үшін
Wi-Fi мүмкіндігін іске қосыңыз.
Опцияларды пайдалану үшін
опциясын түртіңіз.
•
Қосымша
: Wi-Fi параметрлерін теңшеу.
•
WPS баспалы түймесі
: WPS баспалы түймесінің көмегімен қорғалған Wi-Fi желісіне
қосылыңыз.
•
WPS PIN енгізу
: WPS PIN енгізу көмегімен қорғалған Wi-Fi желісіне қосылыңыз.
•
Анықтама
: Wi-Fi қолданбасының анықтамалық ақпаратына қол жеткізіңіз.