User Manual

Саяхат және жергілікті
86
Local
Бұл қолданбаны маңайдағы мейрамханаларды, банктерді, аялдамаларды және т.б. іздеу үшін
пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында
Local
опциясын түртіңіз.
Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді
болмауы мүмкін.
Орын санатын таңдаңыз да, іздеу нәтижелері тізімінен орынды таңдаңыз. Орналастыру жері
табылған соң, картадағы оның орны сияқты орын туралы ақпаратты немесе басқалардың
түсініктемелерін қарап шығыңыз. Сонымен қатар, орынды бағалап, түсініктеме қалдырып
және басқалармен ақпаратты ортақ пайдалана аласыз.
Navigation
Бұл қолданбаны мақсатты орынның бағдарын іздеу үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында
Navigation
опциясын түртіңіз.
•
Навигациялық карталар, ағымдағы орныңыз және басқа навигациялық деректер
ағымдағы орын ақпаратынан ерекшеленуі мүмкін. Жол жағдайларына, жол
қозғалысына және көлік жүргізуіңізге ықпал етуі мүмкін басқа факторларға
әрдайым назар аудару керек. Көлік жүргізіп келе жатқанда барлық қауіпсіздік
ескертулері мен ережелерін сақтау керек.
•
Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді
болмауы мүмкін.
Сөйлеу немесе мақсатты мекенжайға кіру сияқты түрлі әдістерді пайдалану арқылы
көрсетіңіз. Бағдар табылғаннан кейін мақсатты орынға шарлау үшін экрандық нұсқауларды
орындаңыз.