User Manual

Негіздер
32
Samsung Kies арқылы қосылу
Samsung Kies — мультимедиалық кітапханаларды, контактілерді және күнтізбелерді
басқаратын және оларды Samsung құрылғыларымен синхрондайтын компьютерлік
қолданба. Samsung веб-сайтынан соңғы Samsung Kies қолданбасын жүктеңіз.
1
Құрылғыны компьютерге USB кабелін пайдаланып қосыңыз.
Samsung Kies компьютерде автоматты түрде қосылады. Егер Samsung Kies іске
қосылмаса, компьютердегі Samsung Kies белгішесін екі рет басыңыз.
2
Құрылғы мен компьютер арасында файлдарды тасымалдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Samsung Kies анықтамасын қараңыз.
Windows Media Player көмегімен қосылу
Windows Media Player бағдарламасы компьютерде орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1
Құрылғыны компьютерге USB кабелін пайдаланып қосыңыз.
2
Windows Media Player бағдарламасын ашып, музыкалық файлдарды синхрондаңыз.
Мультимедиалық құрылғы ретінде қосылу
1
Құрылғыны компьютерге USB кабелін пайдаланып қосыңыз.
2
Хабарландыру тақтасын ашыңыз да,
Мультимедиалық құрылғы ретінде қосылды
→
Мультимедиалық құрылғы (MTP)
тармағына өтіңіз.
Компьютер мультимедианы тасымалдау протоколын (MTP) қолдамаса немесе ешбір
тиісті драйвер орнатылмаған болса,
Камера (PTP)
опциясын түртіңіз.
3
Құрылғы мен компьютер арасында файлдарды тасымалдаңыз.










