User Manual

Негіздер
31
Есептік жазбаларды орнату
Play Store
сияқты Google қолданбалары Google есептік жазбасын және
Samsung Apps
сайты Samsung есептік жазбасын қажет етеді. Құрылғыдан ең жақсы тәжірибені алу үшін
Google және Samsung есептік жазбаларын жасаңыз.
Есептік жазбаларды қосу
Google есептік жазбасын орнату үшін кірусіз Google қолданбасын ашқанда көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз.
Google есептік жазбасымен кіру немесе оны тіркеу үшін қолданбалар экранында
Қон-лар
Тіркелгі қосу
Google
тармағына өтіңіз. Содан кейін тіркелу үшін,
New
опциясын түртіңіз
немесе есептік жазбаны орнатуды аяқтау үшін
Existing
опциясын түртіңіз де, экрандық
нұсқауларды орындаңыз. Құрылғыда бірнеше Google есептік жазбасын пайдалануға болады.
Samsung есептік жазбасын да орнатыңыз.
Есептік жазбаларды жою
Қолданбалар экранында
Қон-лар
тармағын түртіңіз,
Тіркелгі
астында есептік жазба атауын
таңдаңыз, жоятын есептік жазбаны таңдаңыз, содан кейін
Ес. жазба жою
опциясын түртіңіз.
Файлдарды тасымалдау
Дыбыс, бейне, сурет немесе басқа файл түрлерін құрылғыдар компьютерге немесе керісінше
жылжытыңыз.
Кейбір қолданбалар келесі файл пішімдеріне қолдау көрсетеді. Құрылғының
бағдарламалық жасақтамасының немесе компьютердің операциялық жүйесінің
нұсқасына байланысты кейбір файл пішімдеріне қолдау көрсетілмейді.
•
Музыка: mp3, m4a, 3ga, aac, ogg, oga, wav, wma, amr, awb, және flac
•
Сурет: bmp, gif, jpg, және png
•
Бейне: mp4, m4v, 3gp, 3g2, wmv, asf, avi, flv, mkv, және webm
•
Құжат: doc, docx, dot, dotx, xls, xlsx, xlt, xltx, csv, ppt, pptx, pps, ppsx, pot, potx, pdf,
hwp, txt, asc, және rtf