User Manual

Негіздер
30
Wi-Fi желісіне қосылу
Интернетті пайдалану немесе басқа құрылғылармен мультимедиалық файлдарды бөлісу үшін
құрылғыны Wi-Fi желісіне қосыңыз. (87-б.)
Интернет қолданбаларын пайдалану алдында Wi-Fi қосылымының белсенді екенін
тексеріңіз.
Wi-Fi функциясын қосу және өшіру
Хабарландыру тақтасын ашып, қосу немесе өшіру үшін
Wi-Fi
опциясын түртіңіз.
Пайдаланылмаған кезде батареяны үнемдеу үшін Wi-Fi функциясын өшіріңіз.
Wi-Fi желілеріне қосылу
Қолданбалар экранында
Қон-лар
→
Wi-Fi
тармағына өтіңіз де,
Wi-Fi
қосқышын оңға қарай
сүйреңіз.
Анықталған Wi-Fi желілері тізімінен желіні таңдап, қажет болса құпия сөзді енгізіңіз де,
Қосу
опциясын түртіңіз. Құпия сөзді қажет ететін желілер құлып белгішесімен көрсетіледі. Wi-Fi
желісіне қосылғаннан кейін құрылғы қол жетімді болған кез келген уақытта желіге автоматты
түрде қосылады.
Wi-Fi желілерін қосу
Егер қажет желі желілер тізімінде көрсетілмесе, желілер тізімінің төменгі жағында
Wi-Fi
желісін қосу
опциясын түртіңіз.
Желілік SSID
өрісінде желі атауын енгізіңіз, қауіпсіздік түрін
таңдаңыз және бұл ашық желі болмаса құпия сөзді енгізіңіз, содан кейін
Қосу
опциясын
түртіңіз.
Wi-Fi желілерін ұмыту
Қашан да болсын пайдаланылған кез келген желіні, соның ішінде, ағымдағы желіні құрылғы
оған автоматты түрде қосылмауы үшін ұмытуға болады. Желілер тізімінде желіні таңдап,
Ұмыту
опциясын түртіңіз.










