User Manual

Негіздер
22
Көтеру
Құрылғыны біраз уақыт бос болғаннан кейін немесе экран өшкенде көтергенде,
қабылданбаған қоңыраулар немесе жаңа хабарлар бар болса, ол дірілдейді.
Хабарландырулар
Қабылданбаған қоңыраулар, жаңа хабарлар, күнтізбе оқиғалары, құрылғы күйі және
т.б. туралы есеп беру үшін экранның жоғарғы жағындағы күй тақтасында хабарландыру
белгішелері көрсетіледі. Хабарландыру тақтасын ашу үшін күй тақтасынан төмен сүйреңіз.
Қосымша ескертулерді көру үшін тізімді айналдырыңыз. Хабарландыру тақтасын жабу үшін
экранның төменгі жағындағы жолақты жоғары сүйреңіз.
Хабарландырулар тақтасынан құрылғының ағымдағы параметрлерін көруге болады. Күйлер
жолағынан апарыңыз да, келесі опцияларды пайдалану үшін
опциясын түртіңіз:
•
Wi-Fi
: Wi-Fi мүмкіндігін іске қосу немесе өшіру.
•
GPS
: GPS мүмкіндігін іске қосу немесе өшіру.
•
Дыбыс
: Үнсіз режимді іске қосу немесе өшіру.
•
Экран бұру
: Құрылғыны бұрғанда интерфейстің бұрылуына рұқсат ету немесе тыйым
салу.
•
Bluetooth
: Bluetooth мүмкіндігін іске қосу немесе өшіру.
•
Ұялы деректер
: Деректер байланысын іске қосу немесе өшіру.
•
Бұғаттау режимі
: Бұғаттау режимін іске қосу немесе өшіру. Бұғаттау режимінде құрылғы
барлық хабарландыруларды бұғаттайды. Бұғатталатын хабарландыруларды таңдау үшін
Қон-лар
→
Бұғаттау режимі
тармағын таңдаңыз.










