User Manual

Негіздер
18
Белгіше Мағынасы
Қате пайда болды немесе сақ болу талап етіледі
Батарея зарядының деңгейі
Сенсорлық экранды пайдалану
Сенсорлық экранды пайдалану үшін тек саусақтарды пайдаланыңыз.
•
Сенсорлық экранның басқа электр құрылғыларға тиюіне жол бермеңіз.
Электростатикалық разрядтар сенсорлық экранның дұрыс жұмыс істемеуіне себеп
болуы мүмкін.
•
Сенсорлық экранды зақымдап алмау үшін, оны ешбір үшкір нәрсемен түртпеңіз
немесе саусақ ұштарымен оған шамадан тыс қысым түсірмеңіз.
•
Құрылғы сенсорлы енгізу аймағынан тыс жатқан экранның шеттеріне жақын
сенсорлы енгізулерді танымауы мүмкін.
•
Сенсорлық экранды күту режимінде ұзақ уақытқа қалдыру суреттің тұрып қалуына
(экранның күйіп кетуіне) немесе жанама суреттердің болуына әкелуі мүмкін.
Құрылғыны қолданбағанда сенсорлық экранды өшіріп қойыңыз.
Саусақ қимылдары
Түрту
Қолданбаны ашу, мәзір элементін таңдау, экрандық түймені басу немесе экрандық
пернетақта арқылы таңбаны енгізу үшін, оны саусақпен түртіңіз.










