User Manual

Жұмысты бастау
16
Құрылғыны құлыптау және құлпын ашу
Пайдаланылмаған кезде қалаусыз жұмыс істеуін болдырмау үшін құрылғыны құлыптаңыз.
Қуат түймесін басу экранды өшіреді және құрылғыны құлыптау режиміне орнатады.
Көрсетілген кезең бойы пайдаланылмаса, құрылғы автоматты түрде құлыпталады.
Құрылғының құлпын ашу үшін сенсорлық экран өшкенде Қуат түймесін немесе Бастапқы
түймесін басыңыз да, саусақпен кез келген бағытта шертіңіз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Рингтонның дыбыс деңгейін реттеу үшін я болмаса музыканы немесе бейнені ойнатқанда
дыбыс деңгейін реттеу үшін жоғары немесе төмен Дыбыс деңгейі түймесін басыңыз.
Үнсіз режимге ауысу
Келесі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
•
Дыбыс деңгейі түймесін құрылғы үнсіз режимге ауысқанша басып тұрыңыз.
•
Қуат түймесін басып тұрып,
Дыбыссыз
немесе
Дірілдеу
опциясын түртіңіз.
•
Экранның жоғары жағынан хабарландыру тақтасын ашыңыз да,
Дыбыс
опциясын
түртіңіз.