User Manual

Жұмысты бастау
13
Жад картасын салу
Құрылғы ең көп сыйымдылығы 32 ГБ дейінгі жад карталарын қолдайды. Жад картасының
өндірушісіне және түріне байланысты кейбір жад карталары құрылғымен үйлесімді болмауы
мүмкін.
•
Кейбір жад карталары құрылғымен толығымен үйлесімді болмауы мүмкін.
Үйлесімді емес картаны пайдалану құрылғыны немесе жад картасын зақымдауы
мүмкін немесе онда сақталған деректерді бүлдіруі мүмкін.
•
Жад картасын абайлап оң жағын жоғары қаратып салыңыз.
•
Құрылғы жад карталары үшін тек FAT файлдық жүйесіне қолдау көрсетеді. Басқа
файлдық жүйемен пішімделген картаны салсаңыз, құрылғы жад картасын қайта
пішімдеуді сұрайды.
•
Деректерді жиі жазу және өшіру жад карталарының қызмет көрсету мерзімін
қысқартады.
•
Жад картасын құрылғыға енгізгенде жад картасы файлының каталогы
Менің
файлдарым
→
SD memory card
қалтасында пайда болады.
1
Жад картасының сары түсті байланыстарын төмен қаратып салыңыз.
2
Жад картасын ұяға орнында құлыпталғанша басыңыз.










