User Manual

Ақаулықтарды жою
108
Құрылғыны түрткен кезде, ол ыстық
Көбірек қуатты қажет ететін қолданбаларды пайдаланғанда немесе құрылғыдағы
қолданбаны ұзақ уақыт бойы пайдаланғанда, құрылғыны түрткенде, ол ыстық болуы мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай және құрылғының қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі
тиіс.
Камераны іске қосқанда қате туралы хабарлар көрсетіледі
Камера қолданбасын пайдалану үшін құрылғыда жеткілікті қол жетімді жад және батарея
қуаты болуы керек. Егер камераны іске қосқанда қате туралы хабарларды алсаңыз, келесі
әрекеттерді орындап көріңіз:
•
Батареяны зарядтаңыз немесе толығымен зарядталған батареямен ауыстырыңыз.
•
Файлдарды компьютерге көшіру немесе құрылғыдан жою арқылы орын босатыңыз.
•
Құрылғыны қайта іске қосыңыз. Егер осы кеңестерді қолданып көргеннен кейін камера
қолданбасында әлі мәселе бар болса, Samsung сервис орталығына хабарласыңыз.
Фотосурет сапасы алдын ала қараудан нашарлау
•
Фотосуреттердің сапасы қоршаған ортаға және пайдаланылатын фотосурет түсіру
әдістеріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.
•
Егер фотосуретті қараңғы жерде, түнде немесе сыртта түсірсеңіз, кескін бұрмалануы
орын алуы мүмкін немесе кескіндер фокустан тыс болуы мүмкін.
Мультимедиалық файлдарды ашқанда қате туралы хабарлар
пайда болады
Егер құрылғыдағы мультимедиалық файлдарды ашқанда қате туралы хабарларды алсаңыз
немесе файлдар ойнатылмаса, келесі әрекеттерді орындап көріңіз:
•
Файлдарды компьютерге көшіру немесе құрылғыдан жою арқылы орын босатыңыз.
•
Музыка файлы DRM арқылы қорғалмағанынан көз жеткізіңіз. Егер файл DRM арқылы
қорғалған болса, файлды ойнату үшін тиісті лицензия немесе кілт бар екеніне көз
жеткізіңіз.
•
Құрылғының файл түрін қолдайтынына көз жеткізіңіз.










